Кемпірқосақ ағаш

Кемпірқосақ ағаш

Әңгімемізге арқау болып отырған кемпірқосақты эвкалипттің ерекшелігі діңіндегі түстердің әрдайым ауысып тұратындығында.

Бұл бояу ағаш қыртысының қабыршақтану әсерінен өзгеріп тұрады. Яғни, әрбір қабық түзілген сайын түс те алмасады.

Бұл құбылыс ағаштың жасына тікелей байланысты. Басында ашық жасыл, кейіннен қара жасыл болады. Уақыт өте келе көгілдір, қызыл күрең, алқызыл, сарғыш түске енеді.

Қазір қызыл қоңыр түсті «киімдегі» эвкалипттің ұзындығы 75 сантиметр, ал діңгегінің диаметрі 2,4 метр.

Бұл ағаштың қарапайым әрі табиғи түрлері Жаңа Британияда, Жаңа Гвинеяда, Серама, Сулавеси, Минданао сынды аралдарда өседі.

Сондай-ақ, бұл – эвкалипттің бірегей түрі саналады және тек қана Солтүстік жарты шарда өседі. Бұл ағашты жерсіндіру жұмыстары ХХ ғасырдың орта тұсында басталған. Бүгінде тропикалық белдеулерде өседі, кейде, субтропиктік белдеулерде декоративті өсімдік ретінде бағаланады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com