Жемістер қайда өседі?

Жемістер қайда өседі?

Жемістер мен көкөністер – біздің өміріміздің бір бөлшегіне, дастарқанымыздың айнымас серігіне айналып кетті. Олармен қаншама жылдан бері таныс болсақ та, бір-біріне ұқсамайтын пішініне, дәміне, түсіне таңырқаудан жалықпадық. Сонымен қатар, олардың өсу жолы да құпияға толы. Кейбір ерекше жемістер мен көкөністердің қалай, қайда өсетіндігін, қандай жолмен жиналатындығын ойландыңыз ба? Ал біз ойландық. Ойландық та, мынадай топтама жасадық.

Әдетте тек дүкендер мен жеміс лашықтарынан көретін брюссел қырыққабаты жұлынбағанда және атызда былай көрінеді екен.

Көпжылдық өсімдіктер тобына жататын қояншөп жер астынан былай өсіп шығады деп ойлушы ма едіңіз?

Бөрікгүл (артишок) ше? Оның осындай күлгін гүлі болатынын екінің бірі біле бермейді.

Көбіміздің асқазанымызды жаулаған кешью осындай әдемі жеміске жабысып өседі.

Ал арахис жерден өсіп шығады екен.

Әлемдегі ең қымбат дәмдеуіш шафран мынадай әдемі гүлден алынады. Сенесіз бе, оның 30 граммын алу үшін 75, 000 гүл керек екен. Мұның бәрі де тек қолмен жиналады.

Құнарлы әрі дәмді су дайындалатын мүкжидектің те жиналу жолына үңіліңіз.

Әдетте біз сортікендерді (каперс) маринадталған немесе тұздалған тағам ретінде пайдаланамыз. Олар мынадай әдемі ақ гүлдердің әсерінен пайда болады. (Суреттегі әрі жетілмеген дәндер)

Зәйтүнді осылай елестеттіңіз бе?


Құрмалардың құрма пальмасында өсетіні құпия емес. Бірақ, олардың қалай өсетінін бақылау қызықты болар...

Міне қызық, ананастар талда емес, мынадай жолмен өседі екен. Ананас – тікенекті сабағы мен жапырағы бар жер өсімдігі.  Бір жемісі 2 -15  келі аралығында келеді.

Жалғасы бар...

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: liveinternet.ru