Әлемдегі ең қымбат 10 қала

Әлемдегі ең қымбат 10 қала

Атақты Economist Intelligence Unit экономикалық басылымы жер шарындағы ең қымбат қалалардың тізімін жариялады. Бұл мегаполистерде өмір сүрудің неге қымбатқа түсетіндігін және оған себеп болушы факторларды бірге анықтайық.

Сингапур

Сингапурдың бірінші қатарда тұруына автокөлік бағаcының жоғары болуы себеп болып отыр. Қаланың қымбатшылық жағдайына әсер етуші тағы бір фактор – тұрғын үй бағасының жоғарылығы. Тұрғындардың айлығын «жұтып жатқан» тұрғын үй салықтары баспаналардың қымбаттауына әкеліп соғып отыр. Қаланың экономикалық саясаты идеологиялық дәрежеге көтерілген: денсаулық, білім беру және жоғарғы салық түрі мемлекеттің дамуына негіз болып отыр.

Париж

Париж. Қаладағы азық-түлік, көлік және тұрғын үйдің қымбат болуына оның сән орталығы ретіндегі танымалдылығы себеп.

Осло

Норвегияның астанасы қашанда Economist Intelligence Unit жариялаған қымбат қалалар тізімінен табылып жүр. Қаладағы әлеуметтік қызметтердің (стоматология, сұлулық салоны, қоғамдық көлік) жалпы бағасы бұл жолы қаланы тізімнің үшінші сатысына орналастырды. Қалада жыл өткен сайын азық-түлік бағасы өсуде, тіпті, сүт пен нанның негізгі қорына ие Ослода бұл тағамдар өзге мегаполистерге қарағанда әлдеқайда қымбат.

Цюрих

Церюх қаласының бұл тізімге енуі таңғаларлық жағдай емес. Қалада әлемдік банк өкілдіктерінің көптеп орын тебуі, әрі қаланың әлемдік бейресми қаржы орталығы болуы баға нарығына тікелей әсер етуде.

Сидней

Сиднейдің бұл тізімге қосылуына бірден-бір себеп болған фактор – автралия долларының құнының жоғарылығы. Бұл халықтың әл-ауқатының көтерілуімен бірге салық деңгейінің өсуіне әсер етті.

Токио

Economist Intelligence Unit басылымының мәліметтеріне қарағанда, мегаполистегі күнделікті өмір сүру құны қатты көтерілген. Қалада көлік салығы өте жоғары. Бұл саясат арқылы Токио Жапонияның басына күн туғызып тұрған жанармай дағдарысын жасанды түрде кемітуге тырысуда.

Женева

Тағы бір швейцариялық қала тізімге 7-ші болып енді. Қаланың жоғары өмір сүру дәрежесі Швейцарияға тән құбылыс. Женева тұрғындарының орташа айлық бюджеті екі балалы отбасы үшін 3000$ құрайды.

Мельбурн

Мельбурн - көлемі жағынан Австралиядағы екінші қала. Мельбурннің іргесі қалана салысымен мемлекеттің негізгі мәдени, өнеркәсіптік, сауда-саттық орталығы болып шыға келді. Оның үстіне бұл қалада Азия-Тынық мұхиттық аймақтағы ең ірі банктердің штаб-пәтерлері орналасқан. Ал, бұл өз кезегінде кіріс салығына әсерін тигізері анық.

Каракас

Венесуэла астанасының географиялық орналасуы қаладағы жоғарғы бағаға себеп болып отыр. Барлық азық-түліктер бұл қалаға өте алыс қашықтықтан келеді. EIU мәліметтері бойынша, Каракастың тізімге кіруіне әсер етіп отырған негізгі себеп – қаланың ресми билігі көптеген қызмет түрлеріне деген бағаны қолдан көтеріп отыруы. Егер билік балама базар бағасымен санасқанда жағдай мүлдем басқаша болар еді.

Копенгаген

Скандинавия қалаларының ішінде Копенгаген тазалығымен, көріктілігімен, қолайлы орналасуымен ерекшеленеді. Economist Intelligence Unit зерттеушілері қаланың тұрғын үй, медицина, транспорттық шығындарын есептей келе, оны 10-шы орынға лайық деп тапты.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Ш. Талап