Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Неліктен "Өлі теңіз"?

Неліктен "Өлі теңіз"?

Неліктен

Израиль мен Иордания шекарасында дүние жүзіндегі ең қызықты жерлердің бірі Өлі теңіз орналасқан.

Оның құмсыз жағажайы туристердің мекеніне айналды десек те болады. Жұрт табиғаттың осы бір тылсым күшін көзбен көріп, адамды өзіне батырмайтын суына шомылып көргісі келеді.

Дегенмен солардың көпшілігі бұл теңіздің неге дәл осылай аталғандығынан бейхабар.

Өлі теңіз Жер шарындағы ең тұзды теңіз болып саналады. Осы минералдың себебінен сіз судың бетінде еш қиналмай газет оқып жата бере аласыз. Өлі теңіздегі тұздың концентрациясы бір литр суға 270 грамнан келеді. Ол тым көп көрсеткіш екендігін басқа тұзды су қоймаларындағы концентрацияның 35 грамнан аспайтындығынан біле аламыз.   

ро

Мұндай үлкен көлемдегі натрий хлориді судың тығыздығын жоғарылатады.

Осы шикізаттың себебінен теңізге Өлі атауы берілген. Өйткені бұндай тұзды суда микроағзалардың сирек түрлері ғана тіршілік етеді. Ал балық, моллюска мен балдыр секілді тіршілік иелері мұндай көлемдегі тұзды көтере алмайды. Теңізге түскен балықтар сол сәтте-ақ өледі екен, ал олардың денелері жағалауға шығып қалып жатады.

Енді сіз бұл теңіздің көптеген тіршілік иелерін өлтіретіндігіне көзіңізді жеткіздіңіз. Айтпақшы, еврей тілінде бұл теңіз «YamhaMaved» деп аталады. Бұл «Жан алғыш теңіз» деген мағынаны білдіреді. Дегенмен Өлі теңіздің басқа, қорқынышты емес атаулары да бар. Мысалы, Лота теңізі, Шығыс, Арава, Асфальтті деген атаулар.

Ал қазір мынадай сұрақ қойып көрейік: осынша көп тұз онда қайдан келген? Себеп осы теңізге құятын барлық сулар мен көлдердің осы жерде торға түсіп қалып, басқа жаққа ағып кете алмайтындығында болып тұр.  Осылайша ағып келген сулар буға айналып шыға келеді. Ал олардың құрамындағы тұз жойылып кетпейді, теңізде қалып қояды.

пр

Ал онда тіршіліктің болмауы осындай қорқынышты атаулардың пайда болуына себеп болған.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: po4emu.ru

Қосылған күні: 20 ақпан 2014, 09:06
Пікірлер
+0
20 ақпан 2014, 11:01

шынымен де, мені осы сұрақ ойландыратын, бірақ іштей тұзбен байланысты екендігін білетін едім, қызықты материал екен)

+0
20 ақпан 2014, 11:49

Әрине тұзды болғандықтан ;)

+0
20 ақпан 2014, 11:53

Денең әппақ болып кететін шығар ;)

+0
20 ақпан 2014, 12:32

Рахат екен

+0
20 ақпан 2014, 17:14

барғым келед

+0
20 ақпан 2014, 18:25

Өлі теңіз аталуы менің білуімше, кезінде теңіз орнында еврей халқы тұрған екен. Еврейлер тәкаппарланып, Құдайды жоққа санап, гомосексуалдық жайлап кетіпті.Сондықтан Халық Құдайдың қарғысына ұшырап, бүкіл жерді аударып, тіршілік иесі өмір сүре алмайтындай еткен. Сол жер қазір "Өлі теңіз" екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.