Бір көліктің бағасына татитын бал

Бір көліктің бағасына татитын бал

Түркиядан шығарылатын "Эльфийский" атты балдың бір келісі 6800 $ тұрады. Бұл – әлемдегі ең қымбат бал. 

Аталған бал Артвин қаласының маңындағы үңгірдің 1800 метр тереңдігінен алынады.

Жергілікті омарташы Гюнай Гюндуздың айтуынша, эльфиялық балдың осыншалықтың қымбат болуының себебі табиғи жолмен өндірілетінінде жатыр. Өзінше минералға бай үңгір балдың сапасын арттыра түсетін көрінеді.

Гюндуздың отбасы үш буыннан бері ара бағумен айналысып келеді. Олар бұл үңгірді 2009 жылы алғаш рет байқаған.

Омарташы кәсіби альпинистердің көмегімен үңгірге түсіп, 18 келі балды тауып алады. Кейіннен бал француздық лабороторияда сыналып, нәтижесінде балға жеті жыл болғандығы анықталады. Бұл – нағыз сапалы, пайдалы минералы көп өнім.

Жаңа әселдің алғашқы келісі 2009 жылы француз биржасында 45000 еуроға сатылады, бір жылдан кейін қытайлық фармацевтер тағы да бір келіні 28000 еуроға алады. Ал қазір бал бағасы 5000 еуроға түсіп кеткен. Ол бөтелкеде 170 және 250 грамнан сатылады екен. 

Осыншама кішкентай үлестің бағасы шағын автокөліктің бағасына пара-пар болып тұр.

Гюндуздың айтуынша, балды дәрі-дәрмек ретінде де, тағамға қосып та пайдалануға болады. Себебі, ол әдемдегі ең сапалы бал ретінде мойындалған.

Ал сіз балды таңдар ма едіңіз? Әлде көлікті ме? Тек шыныңыз...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vladtime.ru