Географиядағы қызықты деректер

Географиядағы қызықты деректер

Жер Планетасы таңғажайып географиялық және геологиялық құпиялар мен парадокстарға толы. Табиғаттың тылсым сырларының көптігі сонша, олардың барлығын шешу мүмкін емес сияқты. Назарларыңызға география, геология және жерге байланысты қызықты деректерді ұсынамыз.

1. Ең қысқа атаулы аймақ - Å

Швеция мен Норвегияның шекарасында орналасқан кішкентай Å ауылы ең қысқа атаулы аймақ болып табылады. Скандинавиялық тілден аударғанда Å – «өзен» дегенді білдіреді екен.

2. Әлемдегі ең алып қала

Әлемде ең үлкен жер аумағын алып жатқан қала Қытайда Ішкі Монғолия ауданында орналасқан Хулун-Буир қаласы. Оның алып жатқан аумағы 263 953 шаршы км.

3. Тек қана бір елмен шектесетін елдер

Лесото, Ватикан және Сан-Марино елдері бір ғана елмен шектеседі. Лесотоны толығымен ЮАР қоршайды, ал Ватикан мен Сан-Мариноны толығымен Италия қоршап жатыр.

4. Ең ұзын географиялық атаулар


«Taumatawhakatangihangak oauauotamateaturipukaka pikimaungahoronukupokaiwhe nua kitanatahu» - Жаңа Зеландиядағы дөң атауы ең ұзын географиялық атау болып Гиннес Рекордтар кітабына кірген болатын. 84 әріптен тұратын бұл атау маори тілінен аударғанда «Үлкен тізелі еркек Таметеяның сүйіктісіне флейтада ойнап отырып, тайып кетіп, тұрып, тауды асап, тау кеміргіш аталған орын» дегенді білдіреді екен.

Осы атау ең ұзын болып есептеліп келген еді. Алайда кейін одан да ұзын георграфиялық атау бар екені анықталды. «Krung thep mahanakhon bovorn ratanakosin mahintharayutthaya mahadilok pop noparatratchathani burirom udomratchanivetmahasathan amornpiman avatarnsathit sakkathattiya visnukarmprasit», 163 әріптен тұратын бұл сөйлем Таиланд астанасы Бангкоктың поэтикалық атауы болып табылады.

5. Ең суық және ең жылы теңіз.

Ресейдегі Ақ теңіздің су температурасы ең төмен, бар-жоғы -2 °C-ке тең. Персид шығанағы ең жылы теңіз болып саналады. Жазда су температурасы 35,6 °C-қа дейін барады.

6. Сан-Марино – әлемдегі ең ежелгі конституциондық мемлекет болып саналады.

Сан-Марино елін 301 жылы Диоклетиан императорынан қашып жүрген тас қалаушысы құрған. Сан-Марино конституциясы 1600 жылы қабылданып, әлемдегі қабылданған ең бірінші конституция болып саналады.

7. Адамзат қазған ең терең ойық.


Адамзат қазған ең терең ойық Ресейдегі Коль асатерең саңылауы болып саналады. Ол 12 262 метрді құрап, ғылыми жұмыстарға қазылған болатын. Мұның салдарына біраз ғылыми жаңалықтар жасалған екен.

Жалғасы бар...

Сурет: billionnews.ru

A. Mustafina