Табиғатта өте сирек кездесетін көгілдір гауһар тас табылды

Табиғатта өте сирек кездесетін көгілдір гауһар тас табылды

Оңтүстік Африка Республикасының Куиллиан шахтасында сирек кездесетін көгілдір гауһар тас табылды. Салмағы 29,6 карат болатын бағалы тас ешкімге белгісіз алмаз өндірумен айналысатын топтың жұмысы нәтижесінде Претория қаласынан солтүстік шығысқа қарай 40 шақырым жерден табылып отыр. Үлкен олжаға кенелген олар: «Тас ерекше ашық көк және өте қаныққан түске ие. Сондай-ақ ол жылтыратылып, өңдеуден өткен тастардан еш кем түспейді»,-деп отыр.

1

Көгілдір гауһар тастар табиғатта өте сирек кездесетін бағалы тастарға жатса, ал Куллинан шахтасы тастардың дәл осы түрін өндірудің басты көзі болып табылады. Бұл олжа шахтадан осыған дейін табылған тастардың ішіндегі ең қымбаты болады деп күтілуде. Алайда оның нақты бағасы әзірге белгісіз болып отыр.

Өткен жылы «гауһар тастар елі» саналатын ОАР-дан табылған салмағы 25,5 карат тартатын алмаз 16,9 миллион АҚШ долларына сатылып кеткен болатын. Осы тастың иесі саналатын компания 2008 жылдан бері гауһар тастарды Оңтүстік Африка Республикасынан бөлек, Танзания мен Ботсвана елдерінде де іздеумен айналысып жүр.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ©EPA

Б. Қосмағамбет