"Жолды мысық кесіп өтсе..." деген аңыз қайдан шыққан?

Жолдан өтіп бара жатып жолымызды қара мысық кесіп өтсе, аялдап тас лақтырып, өзге біреудің өтіп кетуін күтіп тұратын әдет осы күндері бар. Мұндайда мысықтар бақыт пен бақ немесе бақытсыздық алып келеді деген сенім талай жылдардан бері жалғасып келеді. Оны дәлірек анықтау үшін египеттіктердің б.з.д. IV ғасырына шегінейік.

Египеттіктердің наным-сенімдері бойынша қара мысық Бастет әйел құдайы деп есептелген. Яғни басы мысық, ал денесі әйел жаратылысына тән құдай. Бастеттің өкілі саналған мысықтарды әрдайым құшақ жайып қарсы алған. Өйткені Бастет сұлулық пен ұрпақ жалғастығының, жарық көзінің патшайымы болған. Осылайша ежелгі халықтар мысықты қадірлеп, оларға ескерткіштер тұрғызған. Олар қоймада жүрген тышқандарды өлтіру арқылы иелерін ашаршылықтан құтқарған. Мысықтарды саркофактардың ішіне салып көмгенде жанына тышқандарды салып қоятын болған екен.


Еуропа құрлығына мысықтар гректердің арқасында таралған. Алғашында египеттіктерден сатып алу ойлары жүзеге аспай қалады. Египеттіктер үшін мысықтарды сату ауыр күнәмен тең болған. Сатып ала алмаған гректер жануарларды ұрлауға бел буып, оның Еуразия құрлығына таралуына себепші болған. Алайда эллиндіктер оларды тылсым күштерінің бар болғандығы үшін емес, тышқандарды керемет аулайтындықтары үшін ұнатқан.

Артемид құдайға арнап салынған ескерткіштерден тізесінде отырған мысықтарды көруге болады.

Аз уақыт өткен соң бұл өлкеге түрлі діндер етек жайып, мысықтардың дәрежесі төмендей түседі. Мысықтардың көзін құрту жаппай етек алғандықтан, аймақтарда тышқандар көбейіп, халықтың жағдайы нашарлайды. «Мысықтық қарғысы тиеді» деген сөз осыдан шықса керек.


Бұл оқиғалар Француз төңкерісінен кейін ғана өзгеріп, Англияда протестанттардың символына айналды. Оларға деген көзқарас әр елде әр түрлі болса да, тылсым күштерінің бар екендігіне көпшілігі сенеді. Осы тұста «Не себепті қара түсті мысықтар бақытсыздық символы? Неге бақыттың емес?» деген орынды сұрақ туындайды.


Мұның түп-тамыры кельттердің тарихында жатыр. Олардың қара мысықтары жылан атаулысынан қорықпайтын болған. Аулаған олжалары тірі болса да, үйлеріне әкеледі екен. Ал үйге әкелінген жыланды бақыттың нышаны деп айту қиынға соғады. Осы аңыздар елден елге таралып, қара мысық жолыңызды солдан оңға қарай кесіп өтсе немесе жол бойында тоқтап отырып алса бақытсыздық болатындығы деген сенім таралған. Ал басқа түстілері тек жақсылық әкеледі екен.

Ал сіз мұндай ырымға сенесіз бе?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: nfact.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Джек Ма Қытайдағы ең бай адам мәртебесінен айырылды
Джек Ма Қытайдағы ең бай адам мәртебесінен айырылды
Өткен тәулікте 69 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Өткен тәулікте 69 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Екі ел еншілей алмай жүрген тау
Екі ел еншілей алмай жүрген тау
Сағыз жабысқан қабырға
Сағыз жабысқан қабырға
Бразилия сөзі қандай мағына береді?
Бразилия сөзі қандай мағына береді?
Дронмен түсірілген 2020 жылдың үздік суреттері
Дронмен түсірілген 2020 жылдың үздік суреттері