Тамшы балық - ең ұсқынсыз тіршілік иесі

Тамшы балық - ең ұсқынсыз тіршілік иесі

Өмір сүруге жер бетіндегі барша тіршілік иесі құқылы. Сондықтан да адам баласы жануарлардың қандай түрі болмасын, олардың көбейіп, дамуына шек келтіре алмайды.

Тамшы балық әлемдегі ең ұсқынсыз жануар атағын алды. Осы күндері оларды қорғауға қатысты акциялық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Биолог әрі тележүргізуші Саймон Ватт оның осы атақты алуы көпшіліктің назарын аударып, көмек қолын созуларына себеп болатындығына үміттенуде.


Осы топтағы жануарлардың қатарына носач маймылы, Титикака өзенін мекен ететін бақа, ұма, биттер кіреді. Тамшы балық акцияда жеңіске жетіп, ұсқынсыз жануарларды қорғау органдарының бойтұмарына айналды. Акцияның мақсаты – ұсқынсыздықтары үшін бұл жануарларды көбею мүмкіндігінен айырмау, керісінше, олардың өмір сүруіне мүмкіндік жасау. Нәтижесінде тамшы балық 10 000 дауыс жинады. Жеңімпаздар Британиядағы Ньюкасл ғылым фестивалінде анықталды.

«Әдетте түрі көңілге жағымды жануарларды ғана қорғап қалуға тырысамыз. Бұл өмірге деген эгоистік көзқарасымыздың бір көрінісі. Мысалы, пандалар. Менің оларға еш қарсылығым жоқ, алайда оларды жақтаушылардың да саны жетіп артылады. Ал бұл акциядағы жануарлар өзіне деген ерекше мейірімді қажет етеді», - дейді Саймон Ватт.

Тамшы балық Аустралия мен Тасманияның терең суларында кездеседі. Жеуге жарамсыздығына қарамастан, жоғалып кету қаупі бар. Себебі аулаушылардың торына теңіз шаяндарымен бірге түсіп, нәтижесінде қоқыстардан орын табады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mirfactov.ru

Қ. Бүйенбай