Еуропадағы ең ұзын ғимарат сатылды

Еуропадағы ең ұзын ғимарат сатылды

Польшаның әскери иелегіне қарайтын Еуропадағы ең ұзын ғимарат 1,1 миллион долларға сатылды. 5 жыл бұрын сатылымға қойылған Модлиндегі Новогеоргиев бекінісі осыған дейін әскери қойма мен тұрғындар игілігіне жарап келген-ді.

Бекіністі 1807 жылы Наполеон салдырған екен, алайда 1813 жылы орыс әскерлері басып алған. Поляк қайта өрлеу кезеңінен кейін 1830 жылы Николай І әскери инженер Иван Денге бекіністі ұзартуға бұйрық берген. Бірнеше жылдан кейін ғимараттың ұзындығы 2,25 километрге ұзарған. Ғимарат сатылымға шықпай тұрып, бекіністе 20 000 адам тіршілік еткен көрінеді.

2003 жылдан бері Польшаның әскери иелегіне қарайтын ғимаратты сатып алуға емеурін танытқандар болмаған көрінеді. Қазіргі ғимаратты сатып алған фирма басшысы, мұнда қонақ үй мен тұрғын үйлер салуды жоспарлауда. Алайда тарихи бекіністің негізгі ерекшелігі сақталатынын айтып отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: szhaman.livejournal.com

Ө. Сансызбай