- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Маймыл орхидея...
Маймыл орхидея
Осыған дейін жүрегі бар өсімдік туралы, шоколад иісі шығатын гүл туралы айтып өттік. Бүгін де осындай ерекше тіршілік иесі туралы әңгіме етеміз.
Тамыры тереңде жатқан орхидея тұқымдасының бүгінгі таңда 25000 түрі бар. Ішінен ғаламат түрге бөленген гүл өсімдіктері көптеп кездеседі.
Солардың бірі әрі бірегейі – лот. "Dracula simia" немесе Маймыл Дракула. Оның барқыт гүл күлтесінде кішкентай маймыл ұшырасып, құдды суретшінің бар зейінмен салған суреті іспетті көрінері анық.
"Дракула" деп аталуына гүл шетіндегі "қанышердің" азу тісін еске салатын екі бірдей өсіндінің болуы себеп болған.
Көзге елестету қиын-ақ, әрине, бірақ, табиғат асыра сілтеп жіберген сияқты.
Аталған өсімдікті табиғат ортасынан жиі кездестіре бермейсіз. Ғажайып реңдегі гүл Колумбия, Перу және Эквадор елдерінің ылғалды ормандары мен қалың тоғайларында теңіз деңгейінен 1000-2000 метр жоғары биіктікте өседі.
Соған қарамастан, әуесқой жандардың қолы жетіп, сол биіктен табылып отырған көрінеді.
Орхидеяның тағы бір керемет ерекшелігі бар екен - гүлдің өне бойынан пісіп толған апельсиннің хош иісі шығып тұрады.
сурет:podokonnik.forblabla.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига