- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қар адамының құпиясы...
Қар адамының құпиясы енді ашылмақ
АҚШ-тың Техас штатындағы Түсініксіз құбылыстар мұражайына қар адамының (йети) мүсіні қойылатын болыпты. Қар адамы 1968 жылы Миннесота штатында өлтіріліп, оны аңшы осы уақытқа дейін тоңазытқышта сақтап келген, деп хабарлайды Huffington Post агенттігі.
Бойы 183 см болатын жануардың өне-бойы жүнмен қапталған. Мәйіт 1968 жылы тұңғыш рет көрмеге қойылған екен. Оның иесі Фрэнк Хансен туған өлкесінде атып алыпты. Көрмеге қойылған соң ғалымдар екі бөлініп дауласа бастаған. Бірі жануардың шын мәнінде йети екендігін тексеруге кіріссе, екіншілері Хансенды өтірік айтты деп айыптай бастаған.
Тіпті оның атып алған құбыжығын ФЗБ (ФБР) тексеріпті-мыс деген қауесет те таралып үлгерген. Хансен оны туған жерінде көрсетіп, басы дауға қалған соң, бүкіл елді аралап түрлі жәрмеңкелерге қойып жүріпті. Бірақ бұл іс оған пайда әкелмек түгілі, зиян болып тиіп, амалсыз жарты ғасырдай уақыт бойы йетиді тоңазытқышқа сақтап келген екен.
Ал Хансеннің ажалы жетіп өлгенінен кейін, ұрпақтары тоңазытқыштағы жануарды Түсініксіз құбылыстар мұражайының егесі Стив Бастиге сатып жіберген. Өз кезегінде Стив бұл «жәдігерді» сатып алған соң, БАҚ өкілдеріне 3 шілде күні көрмеге қоятынын мәлімдепті. Ал ғалымдар белгісіз жануардың мәйітін зерттеуге құлшынып отыр-мыс.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: joyreactor.cc, afisha.mail.ru
А. Құлтай