- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Біздің планетаның құпиялары...
Біздің планетаның құпиялары
Қыры мен сыры мол алып Жер планетасының әлі де сіз біле бермейтін көп құпиялары бар. Соның бірнешеуін бірге тарқатып көруге қалай қарайсыз?
Сахарада қыс болады
Сахара өзінің ашық-сары түсті қыраттарымен және анадан-мынаған дейін созылып жатқан құмдарымен танымал. Және адам төзгісіз ыстық. Білесіз бе, бұл өңір де бір кездері ақ көрпеге оранып көрген. Мәселен, 1979 жылы Сахараның алжирлік бөлігінде қалың қар жауғаны соншалықты, көліктер қатынай алмай қалды. Ал осындан мың жыл бұрын ұлы даланың бір бөлігі салқын климатты болған деседі.
Ең құрғақ жер Антарктикада
Кез келген географиялық кітаптарды немесе ғаламтор беттерін ашар болсаңыз, «әлемдегі ең құрғақ жер қайсы?» деген сауалыңызға Чили жеріндегі Атакама деген жауап аласыз. Алайда, бұл жаңсақ жауап. Атакама - Антарктиканың құрғақ жазықтықтарынанан кейін екінші орында тұр. Бұл – 2 миллион жылдан бері жауын-шашын көрмеген (Атакамаға 400 жыл бойы жаумаған) жер бетіндегі ең құрғақ жер саналады. Аталған көрсеткіштер өз алдына көп нәрсені айтып тұр. Мак-Мёрдо бұғазына таяу маңдағы 8 мың шаршы шақырым жерді алып жатқанВиктория, Райта, Тейлор атты үш аңғардың аумағын ешқандай мұз баспаған, керісінше, сусырап жатыр.
Калифониядағы "Жерорта теңізі"
Әдетте Жерорта теңізінің климаты - жаздыгүні қоңыржайлығымен, қыстыгүні жауын-шашындығымен ерекшеленеді. Дәл осындай қалыпты Калифориялық жағалаудың үлкен бөлігі, Оңтүстік Африка, Чилидің орталығы және Батыс, Оңтүстік Аустралия иемденіп жатыр. Бұл да бір шешілмеген құпия...
Канар аралдары канарейкалардың құрметіне аталмаған
Көптеген адамдар Канар аралдары ол жерді мекендейтін канарейкалардың(ақ сары әнші құс) құрметіне аталған деп жатады. Шын мәнінде, ол құстар аралдың құрметіне аталған. Аралдың көне атауы Сanis, яғние Ит болған деседі. Өйткені, кезінде осы аумақты мекендейтін римдіктер иттерге табынған екен.
Швейцарияның астанасы жоқ
Швейцариялық парламент Берна қаласында қоныстанғанымен, қала ресми түрде астана болып танылмаған. Берна - Швейцария үшін президент тұратын және арнайы іс-шаралар ұйымдастырылатын федералдық орталық қана екен.
Франция Бразилиямен шектеседі
Бұлай деп кім ойлаған? Алайда, бұл - ақиқат. Орталық-еуропалық мемлекет Латын Америкасымен шекараласады. Шекараның ұзындығы - 673 шақырым. Францияны Бразилиямен көрші етіп отырған - Франуздық Гвиана. Аталған колония елдің солтүтсік - шығысында орналасқан.
Әзірге осы. Әлемтанудан тағы да сіз білмейтін ақпараттарды күтіңіз...
Суреттер:vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева