- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Әуе шарындағы жекпе-жек...
Әуе шарындағы жекпе-жек
XIX ғасыр - адамгершілік пен абыройдың бағасы аспандап тұрған ғасыр болғандықтан, ол кезде түсініспей қалған жандар бір-бірін бірден жекпе-жекке шақырған. Европа елдеріне тән бұл қылық Францияда кең тараған. Дәл осы елде әлемде болмаған ең ерекше жекпе-жек орнаған. Бәстесудің көбі әйел үшін таластан туындайтыны белгілі. Бұл жолы да солай... Мадемуазель Тиреви үшін түсініспей қалған екі жігіт жекпе-жекке шығуға бел буған.
Өздерін абыройы биік еркектер сезінетін екі джентельмен жекпе-жектерін әуеде өткізуді қалайды. Дәл осы кездерде Францияда әуе шарларына мініп серуендеу сәнге айналып жатқан. "Атың шықпасы жер өртенің" кебін киген екі "намысқой" әуе шарына мініп жерден жоғары көтеріліп жекпе-жек жасауға келіседі. Жерден бір шақырым көтеріліп болған соң жеке-жеке әуе шарына жайғасып алған екеуі алдымен қаруларын оқтап алады. Бір кезде оқ атылған дауыс шығады. Кейін белгілі болғандай, бір оқ сәл қалыс кеткен көрінеді. Адамды емес, шарды атқан ол оққа не дерсің?
Екіншісі атқан оқ та мүлт кеткен. Жарылған шардағы жігіт үйдің шатырына құлап, нәтижесінде сол мезетте-ақ қаза тапқан. Жекпе-жектің аты жекпе-жек екендігін мақұлдасақ, үндемей-ақ қоюға тура келеді. Не десек те, бұл оқиға ең ерекше жекпе-жек атымен тарихта қалды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: hozna.ru
А. Әбілхан