Көктем мен ашық бояулар мерекесі

Көктем мен ашық бояулар мерекесі

Холи (Holi) — Үндістанның жарқын бояулармен әспеттелетін көңілді мерекелерінің бірі, бенгалдық жаңа жыл. Холи - Табиғат ананың толысқан шағында тойланатын Көктем мерекесі. Мейрам - Пхалгуна айы кезінде ай толғанда атап өтіледі, яғни ақпан-наурыз айларына тура келеді.

Ел аузында Холи мерекесінің шығуы туралы бірнеше аңыздар бар. Олардың бірінде Холи сөзінің Холика атты әзәзілдің атынан шыққандығы айтылады. Есте жоқ ерте замандарда қаһарлы патшаның ұлы Прахлада Вишнуға табынады екен. Және оны бұл жолдан ешкім тайдыра алмайды. Сонда оның Холика атты әпкесі отқа түсуіне үгіттеп, арбайды. Бірақ, өзі құрған қақпанның құрбаны болған Холика отқа өртеніп кетеді де, Прахлада аман қалады. Осы оқиғаның құрметіне мейрам күні алау жағылып, серуен құрылады.


Сонымен қатар, кімнің киіміне бояу көп жалғылса, сол адам жақсылыққа кенеледі делінеді. Жас жігіттер мен өрімдей қыздар бұл күні бір-бірімен әзілдесіп, түрлі-түсті опалармен әлекке түседі.


Дивали мерекесінде тонналаған тәттілер желінетін болса, холи күні бханг атты сусын ішіледі. Оның құрамына шырын немесе қарақурай жапырақтары, сүт өнімдері кіреді. Бхангтың:

  • бханг ласси(қарақурай жапырақтары қосылған йогурт);
  • тхандаи ласси(қант, дәмдеуіштер, миндаль қосылған сүр қоспасы) деген түрлері бар.

Сонымен қатар, Үндістан жерінде Холи мерекесімен қатар Гаура Пурнима деп аталатын мереке өткізіледі.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суреттер:vk.com