Ерлік жасаған ит туралы сөз

Ерлік жасаған ит туралы сөз

Бұл жағдай 1925 жылы АҚШ-тың Аляска штатында болған. Аляскалық маламут тұқымының Балто деп аталған иті бір ауылдың балаларын ауыр дерттен құтқарған.

1925 жылы Ном қонысында дифтерия балалар дерті өршіп, жайлайды. Жергілікті халыққа дәрі-дәрмек жеткізу керек болады. Телеграф арқылы мыңдаған шақырым шалғайдағы Анкоридж қаласында дертке қарсы вакцина бары белгілі болған соң, халық ішінен ең төзімді деген ержүрек адамдар талданып шығады екен.

 

Күннің қытымыр аязда соққан дауылы бұларға алынбас қамалдай көрінген. Қолайсыз ауа-райы ұшақтарды адастырып әкететін болғандықтан, жарамсыз күйінде қалады. Дәрі-дәрмекті ортада мұзды шөл алып жатқан Ненана қаласына дейін ғана жеткізуге мүмкіндік туады. Себебі Номға дейін темір жол салынбаған. 

 

Ном тұрғындары иттерді жегіп, ең мықты деген шанамен жетуді ойластыра бастағанда-ақ «мен!» деген шана айдаушылары бұл істен бас тартады. Мұзды шөл мен қытымыр аязға төтеп бере алмағандар да орта жолдан қайтып кетіп отырады. Сонда Ненана қаласына Гунар Кассен (Gunnar Kassen) есімді адам бірінші болып келеді екен. Оның жеккен иттерінің арасында біз айтып отырған Балто иті бар болған. Дәрі-дәрмекті қолға тигізіп, қайтар жолда Гунар қиын жағдайға ұшырасады. Үдеп соққан дауылдан оның аяқ-қолы сал боп, шана басқаруға жарамсыз қалады.

Балалардың тағдырына жарық сәуле түсіру үміті үзіле бастаған кезде Балто адам басқаруынсыз-ақ дұрыс жолды өзі тауып Номға жетеді. Ауыр әрі ұзақ жолдан талып түскен иттің қыңсылауға да шамасы келмеген екен. Бірақ балалардың өмірі осылай Балтоның ерлік ісінің арқасында аман қалыпты.

Ном қаласы (1899, 22 қыркүйек)

Соңғы бірнеше онжылдықтан бері Нью-Йорк қаласының Орталық саябағында Балтоның қолдан жасалған мүсіні тұр. 1920 жылдан бері бұл ескерткіш Америка елінің мақтанышы саналып келеді.

 

Ал 1995, 2002, 2004 жылдары атақты режисер Стивен Спилберг аңызға айналған ит туралы мультфильмдер түсірді. Балто 1919-1933 жылдары өмір сүріп, ерлік жасаған ит ретінде тарихта қалды. Әлемге атағы шыққан ит соңғы 4 жылында Огайо штатындағы Кливленд хайуанаттар бағында болыпты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: wikipedia.org

А. Құлтай