- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қаладағы ұсқынсыз үйлерден...
Қаладағы ұсқынсыз үйлерден құтылудың жолы
Роттердам қаласында тұратын Роланд Оттен дизайнердің жақында басына тың идея келіпті. Содан бастап қала көшелеріндегі сәнді кетіріп тұрған ескі үйлер мен жұмыс орындары ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. Құдды, ертегі дерсіз. Жоға, ешқандай ертегінің қатысы жоқ. Бар болғаны камуфляж қолдану арқылы сол ескі ғимараттардың сыртқы көрінісін жауып тастаған. Нәтижесінде адам көңілін алаң қылмас әп-әдемі дүние орнай қалыпты.
Қаладағы шағын бекеттің сыртқы көрінісін жабу үшін қала тұрғындары, яғни Оттеннің көршілері ұзақ салғыласыпты. Әркім оз концепциясын ұсына отырып, өз ойларын ортаға тастаған. Ақырында дизайнер жігіттің ойы артық болып шығып, еңбегі жергілікті мыс құятын компанияға тапсырылған.
Оттеннің сөзіне сенсек, суреттер төрт жылдан кейін де өз қалыптарып сақтап қала алатын көрінеді. Және вандалдық суреттер мен жазуларды кетіру де көп қиындық келтіре қоймайды деп сендіреді.
суреттер:oddee.co
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига