- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- «Аполлон» миссиясының жұмбағы...
«Аполлон» миссиясының жұмбағы немесе АҚШ айға қонды ма?
Достар, бүгін сендермен «Аполлон» ғарыш кемесінің тарихымен, қызықты фактілерімен таныстырғам келіп отыр. Апполон кемелері айдың бетіне түрлі зерттеулер жасау үшін, ондағы біліп-білмейтін құбылыстарды бақылау үшін қолданылатын аппарат.
«Аполлон» операциясының жалпы ресми саны 17. Әлемдік ғарыш операцияларының ішіндегі ең танымал әрі драмалық шиеленіспен аяқталып тарихта қалғандығын айтуымыз орынды.
Қызықты деректер:
- Кеме ғарышқа ұшардан екі ай бұрын «Жоғалғандар» («Потерянные») фильмі шыққан. Фильм сюжеті кейінгі ғарышкерлердің операциясымен дәлме-дәл кеген. Кеме жарылған кезде үш ғарышкер де фильмде белгілі бір мөлшерле ғана кислороды бар кеңістікте қалып қояды. Журналистер фильм сценариін алдын ала жоспарланып қойған мемлекеттік мәліметті пайдаланған деп айыптаған еді. Десек те, ғарыш кемесінің бүлінуін фильмде метеоритпен соқтығысуынан деп көрсеткен. Ал шын мәнінде төтенше жағдай кеме модулінің істен шығуынан болған.
- Бұдан басқа, Джеймс Ловелл бұл фильмнің премьерасында болған болып шықты. Ал «Апполон» кемелерін жасаушы негізгі инженер Джерри Вудфил төтенше жағдайдан бұрын 1 сағат бұрын ғана фильмді көріп болып, бұл жағдайдың шын мәнінде қайталанатынын мойындаған.
- Фильмде айтылған «Хьюстон, бізде мәселе шықты» деген сөз кейін ғарыш кемесі сынған сәтте де Ловелл бірінші хабарламасында дәл осындай сөз айтылған. Бұл сөз «Робинзон Крузо Марста» (1964ж.) фильмінде де айтылған болып шықты.
- 16 сәуір күні, сейсенбіде жерге қарай жақындап келе жатқан экипаж жұмаға дейін ғана өмір сүре алады делінген. Бірақ құтқарушы кемесінде 3 күнге жетерліктей оттегі болмаған.
- «Апполондықтардың» скафандр киюіне байланысты ай бетіне қонған кезде мұрындары қатты қышитын болған екен. Ашық ай бетінде жүргендіктен олар осы біл мәселені қалай шешудің жолын таппай қойған-мыс.
- «Апполон – 17» айға қону сапарында экипаж мүшесі Эндрю Сернан өз қызына берген уәдесін орындады. Ол Тереза Дон Сернан есімін ай бетіне жазды.
- Ең қызықты дерек деп мұның барлығын жоққа шығарып, «Біз ешқашан айдың бетінде болған жоқпыз» деп кітап шығарған Билл Кейсингтің 1976 жылы шыққан кітабын атау керек. Видеотүсірілімнің бәрін де бұл кітапта өтірікке балаған. Айтылған негізгі себептер – көлеңкенің дұрыс түспеуі, салмақтың дұрыс болмауы және бұдан басқа да көптеген физикалық заңдылықтардың бұзылғаны. Бұл да ғылымда «Ай келісімі» деген атпен тарихта қалып отыр.
- Тағы бір қызық бар. 1959 жылы-ақ КСРО-ның «Луна-1» деп аталатын кеме аппараты ай бетіне қонып қойған деген дерек.
- «Аполлон» қызықтары таусылмапты. Құпия жасалған «Аполлон-18» операциясы жайлы әлі де ешкім нақты сөз айтпайды. 1974 жылы жасалған операцияны Гонсало Лопес-Ганьего мен Тимур Бекмамбетов «Аполлон-18» деген фильмді ұсынды. Айға ұшпау туралы заңның қабылдануына себеп іздеген режисерлер жауапты өз ойлары бойынша берген. 2011 жылы шыққан фильмде басты қаһармандар ай бетіне қонған соң түсініксіз құбылыстар болған-мыс. Сондықтан да оны АҚШ билігі тез арада көзін жойып, қалың көпшіліктің көзінен жалтарған.
А. Құлтай