40 жылдан соң орындалған уәде

40 жылдан соң орындалған уәде

Уәде – ең қымбатты сөз. Берілген уәде ұмытылып кететін сәттер көп. Десе де, бір ауыз сөз үшін бар ғұмырын арнайтын адамдар да жоқ емес.
Пуэрто-Рико қаласында көркемөнер мамандығынан сабақ беретін Санчес Ривера есімді азамат осыдан 40 жыл бұрын алғашқы махаббатына берген уәдесін өткен жылы ғана орындап болған. Ең бастысы уәденің жеткен табысы емес, 40 жыл бойы мұқалмаған қажыр-қайраттың жемісі.

Биыл 58 жасқа толған Ривера 18 жасында ғашық болған алғашқы махаббатына ғарыш кемесі секілді UFO үлгісіндегі үй салып беретіндігін айтқан. Қалтасында көк тиыны жоқ бозбаланың бұл романтикаға толы қиялын күлкі көрді ме, әйтеуір ол қалталы бір жігітке ілесіп кете барған секілді.

Махаббаттан тауы шағылып, үмітін үзгенімен, «ауыздан шыққан сөз атылған оқ». Ол ешқашан уәдесін ұмытпаған. Ұзақ жыл бойына ақша жинай жүріп, 2002 жылы ғана таулы аймақтан шағын жер сатып алып, қыз көңілінде баяғыда ұмыт болған уәдесін орындауға кіріскен. Ертегідей сәулетті сарайды 10 жыл уақыт жұмсап, зорға бітірген.

Үй салынып, бүкіл әлем ақпараты жарыса жариялай бастағанда, баяғы сұлу бойжеткен, қазіргі кейуана өз өкінішін жасырмаған тәрізді. Тілшілердің «Ол әйелге берген уәдеңізді орындадыңыз, енді осы үйде онымен бірге тұрмыс кешіргіңіз келе ме?» деп сұраған сұрағына, қайсар азамат «Ең бастысы уәде орындалды. Уақыт алға жылжыды, үй де салынды, бірақ, уақыт ешқашан артына бұрылмақ емес, сондықтан ол махаббат та қалпына келмес» деп жауап берген.

Санчес Ривераның ұзақ жылдық арманындай болған, қажыр-қайратының жемісі, табанды уәдесінің айғағы болған сәулетті сарайды тамашалай отырыңыз. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: realitypod.com

Қ. Қауымбек