Еуропаның ең үздік тәттілері

Еуропаның ең үздік тәттілері

Назарларыңызға Еуропадағы жылдың ең үздік кондитерлік дүкендерінің тізімін ұсынамыз.

1. Goossens, Антверпен, Бельгия

Аталған дүкеннің ең негізгі өнімдері: түрлі кәмпиттер жиынтығы, әртүрлі шоколад пішіндері т.б. Осы жылы АҚШ елшілігі дәл осы жерден сыйлық үшін 2 тонна шоколадқа тапсырыс берген.

2. Niederegger, Любек, Германия 

Осы бір жайлы шаңырақта марципанның 200 сорты сатылады. Олардың ең негізгі ерекшелігі қантының аз болуында жатыр.

3. Demel, Вена, Австрия

Сіз «Захер» тортын аустралиялықтар секілді ұнатасыз ба? Жауабыңыз «иә» болса, дәл осы дүкенге бас сұғуыңыз керек. «Demel» тәттілерін атақты император Франц Иосифтің өзі сүйіп жейтін болған деседі. Сондай-ақ әлемнің ешбір жерінде ұшыраспайтын тәтті кекстер мен қолдан жасалған кәмпиттер таңдайыңызды қақтырады.

4. Ladurеe, Париж, Франция

Кондитерлік дәмхана өзінің бадам қосылған тәтті тоқаштарымен танымал. Дәл осындай тәттілерді бұл жерден басқа Париж әуежайынан ғана сатып алуға болады.

Суреттер:mariya-volik.livejournal.com,mdfeeds.com,calipso-adv.ru,holidaygid.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева