Еуропада саяхаттауға қолайлы үздік ел белгілі болды

 Еуропада саяхаттауға қолайлы үздік ел белгілі болды
Фото: tpg.ua

Португалия 2020 жылы Еуропада саяхаттауға қолайлы үздік ел деп танылды. Халықаралық төрешілер тобы бұл елге төртінші рет World Travel Awards сыйлығын тапсырды.

Сонымен қатар, Португалияның көптеген туристік объектілері де осы сыйлыққа ие болды. Атап айтқанда, оңтүстік Альгарв жағалауы да Еуропадағы ең жақсы жағажай курорттық аймағы деп танылды.

Португалиядан басқа сыйлыққа үміткерлер қатарында Аустрия, Англия, Франция, Германия, Греция, Ирландия, Италия, Норвегия, Испания, Швеция, Швейцария және Түркия болған.

Айта кетейік, World Travel Awards сыйлығын жыл сайын Дүниежүзілік Туризм және Туризм Кеңесі ұсынады. Сыйлыққа үміткерлер жаһандық деңгейде және 8 халықаралық және аймақтық деңгейде таңдалады.

Т. Раушанұлы