Сіз ұшақта не істейсіз?

Сіз ұшақта не істейсіз?

Ұшақта уақытын әркім әрқалай өткізеді. Біреу ұйықтайды, біреу фильм көреді, біреу кітап оқиды, біреу ойланады, енді біреулер уақыттың өткенін күтеді.

Жуырда туристерге қызмет көрсететін орталықтардың бірі арнайы сауалнама жүргізіп шыққан. "Сіз ұшақта не істейсіз?" - деген сұраққа 26 мың адам жауап берген. Олардың 40%-ы ұйықтайтындарын айтыпты.

Ұшаққа мінгендердің көпшілігі өздеріне жайлы болу үшін мойынға тағатын жастық пен көзін жауып ұйықтауға ыңғайлы маска ала шығады екен. Сондай-ақ киімнің ыңғайлы болуына да баса мән береді. Тіпті кей жолаушылар ұшаққа отырар уақыт жақындағанда ұйықтамауға тырысатындарын айтқан. Себебі ұшақта іш пыспай, ұйқы қандырып алғандарын жөн көреді. Енді біреулер ұйықтатын дәрі ішеді екен.

Сауалнамаға қатысқандардың 29%-ы музыка тыңдап немесе фильм қарап уақыт өткізетіндерін айтқан.

Үшінші орында – кітап оқу. Сауалнамаға қатысқандардың 17%-ы кітап пен электрон кітаптар оқитын болып шыққан.

Ал сіз ұшақта не істейсіз?

Н. Үсенова