Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / 21 қараша - Халықаралық сәлемдесу күні

21 қараша - Халықаралық сәлемдесу күні

21 қараша - Халықаралық сәлемдесу күні

Халықаралық сәлемдесу күні (World Hello Day) жыл сайын дәл осы күні, яғни 21 қарашада аталып өтеді. 1937 жылы бұл мерекені ағайынды американдықтар Майкл мен Брайен Маккамоктар ойлап тапқан болатын. Сол кездері Египет пен Израильдың арасында шиеленіс болып жатқан еді. Осы суық соғысты басу мақсатында өмірге келген бұл мереке сол күннен бастап халықаралық қақтығыстарды басудың басты күні саналды. "Бір оңтайлы шешімін табу керек", - деп балақ түріп, білек сыбанған ағайындылар әлемнің барлық елдеріне жарқын көңілмен ашық хат жолдайды. Жер бетіндегі елдердің қақтығыстарын басайық деп ешкімге қолқа салмайды, идеяны өздері-ақ қолға алды. Олар сосын сәлем айтып жіберген хат алушыдан тағы бір адамға осындай хат жолдауын өтінеді. Тым болса, осы хат алушының атынан 10 адамға жіберілсе деп тілейді. Уақыт өте келе бұл мейрам әлемнің 180 елінде тойлана бастап, олар да ағайындылармен қосыла осы идеяны қос қол көтере қолдайды.

Содан бері Халықаралық сәлемдесу күні жер шарындағы кез келген жанның ортақ мерекесіне айналды. Бұл күні адамдар бар ренішін ұмытып, өзіне өкпе ұстап жүрген жандарды бауырына басып кешеді. Тіпті танымайтын жандарды көрсе де, сәлемінің қаншалықты түзулігін көрсетіп ықылас танытады. Аталған мереке Халықаралық болғандықтан бәріміз үшін де маңызы ерекше. Мұны жас та, кәрі де, әйел де, ер де, бай да, кедей де қатар тойлайды. 

Қазақ жеріне аты бейтаныс бұл мерекенің маңызының соншалықты зор екенін айтқымыз келеді. Бұл - әлем елдерінің татулығы мен келісімін нығайтатын ұлы күн! 

Бастысы сәлем беру, сәлем алу ғана емес. Мәселе - көңілде... Шын ниетпен айтқан сәлеміңіз адам көңілінің көтеріліп қалуына себепші боларын ұмытпаңыз. 

Массагет ұжымы да барша қазақстандықтарды Халықаралық сәлемдесу күнімен құттықтайды.

Сәлемі түзу әлемде күн кешейік!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: sunhome.ru, softdle.com

9466 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 21 қараша 2012, 11:02
Пікірлер
+0
21 қараша 2012, 11:31

Сәлем бердік! :)

+0
21 қараша 2012, 11:33

Сәлем, халық!

+0
21 қараша 2012, 11:56

Сәлем Әлем!

+0
21 қараша 2012, 12:49

"Сәлем - сөздің анасы" дейді ғой, бүгін өте ерекше күн екен онда)

+0
21 қараша 2012, 12:50

Бәсе, мына хатты он-жиырма адамға жібер деген осыдан шыққан екен ғой. :geek:

+0
21 қараша 2012, 13:18

Сәлем! деп бастайсың ғой сөздің басын ))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...