Тіл білмей қалай саяхаттауға болады?

Тіл білмей қалай саяхаттауға болады?
Фото: freepik.com

Саяхатты сүйетіндер үшін еш кедергі жоқ. Дегенмен көбіміз тіл білмейтінімізден қысылып, саяхаттау қиын болар деп ойлаймыз. Расында, тіл білмесеңіз қиындыққа тап боларыңыз анық, бірақ бұл саяхаттан бас тарту қажет деген сөз емес. 

Егер саяхаттап баратын елдің тілін білмесеңіз, төмендегі нұсқаулықтар сізге көмектесетіні анық:

Алдын ала дайындалыңыз

Күнделікті өмірде қажетті қарапайым сөздердің аудармасын қойын дәптеріңізге жазып алыңыз. Мысалы, "Жақын маңда қонақ үй бар ма?", "Мына зат қанша тұрады?" деген секілді қажет деп есептейтін сөздеріңіздің аудармасын жазып алсаңыз, қажет болары сөзсіз. Тіл білмейтіндер үшін таптырмайтын зат. Оның үстіне сөздіктен іздеп, уақыт жоғалтпайсыз.

Қажетті SIM таңдаңыз

Жолға шықпай тұрып бара жатқан елдегі тарифтердің қайсысы жақсы, бағасы қандай деген секілді ақпаратты қараңыз. Өйткені, тіл білмейтін елде смартфоныңыз ғаламторға қосылып тұрғаны абзал.

Оффлайн-карта жүктеп алыңыз

Смартфонға баратын қалаларыңыздың ғаламторды қажет етпейтін картасын жүктеп алыңыз. Әуежайдан қонақ үйге дейінгі жолды жоспарлап, картамен сызып алыңыз.

Баратын елдің мәдениетімен танысыңыз

Жолға шықпай тұрып қыдырып баратын елдердің мәдениетімен танысып, тыйым салынған ережелерді бір шолып шығыңыз. Сонда болашақта ыңғайсыз жағдайда тап болмайсыз.

Қорықпаңыз

Бойыңызды үрей билесе ойыңыз бұзылып, дұрыс шешіп қабылдай алмайсыз. Сол себепті әркезде салқынқанды болыңыз.

Әркез күліп жүріңіз

Ең басты қағида – күлімдеу. Кез келген сәтте күлімдеп жүріңіз. Жол сұрау қажет болса, не қиындыққа тап болсаңыз өзгелерден күлімдеп көмек сұраңыз.

А. Рысдәулет