- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Тау басындағы көрікті...
Тау басындағы көрікті шаһарлар
Шетел асып, ел көруді, жер аралауды жаны сүйетін барша қауымның назарына! Егер сіз тыныштық патшалық құрған таза ауалы жерді іздеп жүрсеңіз, өзіңізді күллі әлемнің патшасы ретінде сезінгіңіз келсе, біздің әлемнің ең биік таулы аймақтарында орналасқан таңғажайып қалаларға жасайтын сапарымызға қосылыңыз.
4. Намче-Базар (Непал)
Теңіз деңгейінен биіктігі 3500м
Намче-Базар бастапқы кезде жергілікті тұрғындар үшін сауда орталығы қызметін атқарған болса, бүгінде бұл мекен – Эверест лагеріне сапар шекен альпинистердің аялдамасына айналып отыр. Мұнда заманауи үлгідегі банк, почта ғимараттары және полиция бөлімшесі бар. Намче-Базардың визитті карточкасы – «Эфверестке қараңыз» атты қонақ үй.
3. Лхаса (Гималай)
Теңіз деңгейінен биіктігі 3650 м
Біз ұсынып отырған тізімдегі ең атақты қала Тибет астанасы - Лхаса қаласы. Қалада 250 000 халық тірішілік етеді. Тарихқа тұнып тұрған ғажайып ескерткіштер... Мыңдаған ғасырдың куәгері болған ғибадатханалар... Бәрі де көрген көзді ынтықтырады. Бүгінде Лхасада болу миллиондаған туристердің орындалмас арманына айналған.
2. Потоси (Боливия)
Теңіз деңгейінен биіктігі 4090м
ЮНЕСКО-ның қорғауындағы бұл қала бір кездері күміс өндіру орталығы болған деседі. Сондай-ақ, ол өз заманында Америка құрлығындағы ең алып, ең дамыған қалалардың қатарынан көріне білген. Туристер жер астындағы күмістің мол қорына қарап, Потосиге «бай қала» деген ат берген. Және де Сервантестің «Дон Кихот» шығармасында Потоси «байлық тұнған қала» деп көрсетіледі.
1. Ла-Ринконада (Перу)
Теңіз деңгейінен биіктігі 5100м
Әлемдегі ең биік орналасқан қала - Перу жеріндегі Ла-Ринконда қаласы. Бұл жерде тұру былай тұрсын, қыдырып барудың өзіне жүрек керек. 30 000-ға жуық дәл осындай ер жүрек, қайсар адамдар бүгінде қалада тіршілік етіп жатыр. Олардың көпшілігі мұндағы алтын кенінде жұмыс жасайды.
Суреттер:fotolife-me.livejournal.com,listphobia.com,merkur-online.de,kovinov.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева