Ғаламдық ғимарат

Ғаламдық ғимарат
Фото: gbtn.ru
Әлемдік құрылыстар күн санап қарқындап дамып келеді. Ғимараттар әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен көп адамды таң қалдырады. Дегенмен, сол ғимараттардың адам қолынан шығатынын да естен шығармаған жөн. Осындай ғимараттардың бірі келер жазда әлемді тамсандырмақ.
 
Жапонияның Като қаласында алдағы жылдың жазында әлемдегі ең үлкен күн энергетика станциясы жұмысын бастауы тиіс. Көп ұзамай жапондар екіншісін де іске қосуды жоспарлап отыр.

Құрылыс су бетінде орналасқандықтан арнайы су өткізбейтін және суға батырмайтын полиэтиленді материалдардан жасалады. Бұл станцияның күннен бір жылдық жинаған қуаты бірден 5000-7000 отбасын қамтамасыз етуге жетеді екен. 

Су үстіне орналасқан станцияның жер үстінде салынғанынан екі артықшылығы бар:
– жер үнемдеу (Жапонияда әр шаршы-метр санаулы);
су салқындатып, қондырғыны қызып кетуден қорғап тұрады.
 
Жапонияда бой көтеретін бұл ғимараттың құрылысы аяқталуын барша сәулетшілер мен ғалымдар асыға күтіп жүр.
Ә. Жутаева