Лондон - әлемнің ең сәнді қаласы

Лондон - әлемнің ең сәнді қаласы

Осымен екі жыл қатарынан Лондон әлемнің ең сәнді қаласы болып танылып отыр. Негізгі қарсылас болып саналып келген  Нью-Йорк қаласы екінші сатыдан көрінді.

Нью-Йоркте өткен үлкен сәнді көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты дейтін сәнқойлар мен стилистер, тағысын тағы басқа да толып жатқан атақты адамдар барғанымен, бұл жолы да "Үлкен алма" тағы да екінші болып қалды, деп хабарлайды newsru.com.

Лондон шаһарының бұл жолғы жеңісін көпшілік Олимпиада ойындарымен байланыстырады. Жасыратыны жоқ, осы жылы ханзада Уильям Кейт Миддлтонның жұбайы ағылшындар үшін көп игі ықпал етті. Әйгілі арудың ағылшын сәніне өзгеріс әкелгені көп нәрседен хабар беретіндей.

Айта кетсек, әлемнің ең сәнді қалаларының бестігіне Барселона, Париж бен Мадрид секілді үлкен орталықтар кіріп отыр. Олар үшінші, төртінші, бесінші орындарды өзара бөліске салды.

сурет:blog.samsebetur.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига