Туған күніңмен, Лос-Анджелес!

Туған күніңмен, Лос-Анджелес!

Бүгін алып қаланың туған күні! Танымалдылық пен алыптылыққа ие болған бұл мекен қалай өмірге келді екен? Тарихқа үңілсек... Қазіргі Лос-Анджелес қаласының шекарасын 16 ғасырда үндістер мекен еткен. Болашағы жарқын бола қоймаған бұл қалаға 1781 жылы 4 қыркүйек күні испандық миссионерлер «Мария бикештің қыстағы, Періштелер патшалығы» (Эль-Пуэбло-де-Лос-Андхелес) деген атпен алғашқы қоныс аударуды бастаған. Біраз онжылдықтан соң, жаңа ұрпақ осы бір шағын қалада қалып, 19 ғасырда ғана бұл мекен Калифорниядағы алып қала статусына ие болған. 1835 жылы қала Мексиканың басқаруында болып, атауы Лос-Анхелес деп қысқартылып кетті. Мемлекет өзінің тәуелсіздігін жария еткен соң, Лос-Анхелес аз уақытқа сол елдің құрамына енді. Мексикандықтар мен американдықтардың соғысы кезінде Мексиканың жеңіліс табуына байланысты бұл қала 1848 жылы ресми келісім негізінде АҚШ құрамына еніп кетті. Осы оқиғадан соң, ағылшын жұртшылығының орфоэпиясына сай қала аты Лос-Анджелес деп атала  бастады. 1850 жылы Лос-Анджелес қала атын иеленіп, ресми стутусқа ие болды. Сол уақыттарда қалада 1600 тұрғын болған. Қала құрылысын еске түсірсек, сол кездері тек бір айналмадан тұратын орталығы ғана болған. Сонымен қатар, қалада Нуэстра Сеньора ла Рейна де Лос Анхелес шіркеуі мен Луго-хаус атты екіқабатты үй бар еді.

Ал бүгінде Лос-Анджелес алып қалалардың бірі. Қазір АҚШ-та халықтың қоныстануы бойынша екінші орынды еншілеп отыр (15 миллионнан аса). Қаланың өзі ішінара кішігірім қалашықтарға бөлінеді. Қаланың басқа қалаларға қарағанда мәртебесі биік, тіпті  кейде бұл алып мекенді жұртшылық «қымбат қала» деп атайды.

Қаладағы ең танымал орын – Голливуд пен «Диснейленд».

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

 

Суреттер: fotki.yandex.ru, quadrilift.com

А. Әбілхан