Ресейде киіз үйлерден тұратын қонақүйлер ашылды

Ресейде киіз үйлерден тұратын қонақүйлер ашылды
Фото: facebook

Ресейдің Нижегородская облысында киіз үйлерден тұратын ауыл-қонақ үй ашылды. Ресейлік Анна Вингуртке есімді блогер өзінің жеке парақшасына: "Бұл Қазақстан емес! Біз Нижегородская облысының Борский ауданындамыз. Бұл шынымен де таңғажайып", − деп жазады.

Аннаның айтуынша, Останкино ауылындағы киіз үйлерді Қазақстаннан келген Алексей және Павел есімді екі офицер құрған екен. Жылы киіз үйлер киіз бен қамыс төсенішінен жасалған. Онда ауданы 23 және 73 шаршы метр болатын киіз үйдің бірнеше түрі бар. Ауыл тұрғындары қазірдің өзінде түрлі кештер өткізіп, туристер жиі ат басын бұрып тұрады екен.

С. Ерсін