Сурет салатын субұрқақ (видео)

Сурет салатын субұрқақ (видео)

Естімеген елде көп. Бұрындары теледидардан билейтін субұрқақтар туралы жар салып айтып жатушы еді. Енді міне, заман талабына сәйкес, көп ұзамай сурет салатын ақылды субұрқақтар да  пайда болыпты. Бұл субұрқақ Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы Lotte әмбебап дүкенінде орналасқан. Субұрқақ жаңа технологияның көмегімен су қысымын реттеп отырып, әртүрлі сурет салады. Осы бір фонтанды тамашалау үшін жер-жерден мыңдаған адам ағылады екен.

Ұқсас жазба:

Сеулдің тағы бір кереметі

Сурет:aquariouswhale.blogkaki.net

Н. Нұрмаханұлы