Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемдегі ең ұзын шаштың иегерлері

Әлемдегі ең ұзын шаштың иегерлері

Әлемдегі ең ұзын шаштың иегерлері

«Сұлулық – сұмдық күш». Бұл мәтел ең бірінші жаратылысы нәзік әйел затына қатысты айтылған. Ал, шаш – сол сұлулықтың негізі, нәзік жандардың ақша жүзінің өңін кіргізіп, ажарындағы әдемілікті айқындай түсетін құндылықтарының бірі. Алайда, бұрынғымызға қарағанда, бүгінде қыз-келіншектеріміздің шаштары әлдеқайда қысқарған. Дей тұрғанмен сәндеріне сән қосып, шаштарын өсіріп, «қолаң шашты ару», «бұрымды бикеш» атанып жүрген қыздарымыз арамызда жоқ емес.

Сіздің әлемдегі ең ұзын шаштардың иегерлерінің кім екендігін білгіңіз келе ме? Бізбен бірге болыңыз.

Ең қызығы әлемдегі ең ұзын шаштың иесі әйел емес, ер адам екен. Алпыс жеті жастағы Тран Ван Хай Вьетнам тұрғыны. Шашының ұзындығы 6 метрді құрайды. Тран Ван Хай шашын соңғы рет отыз бір жасында қысқартқан екен. Тілшілірге берген сұхбатында ол шашын жумағанына алты жыл болғандығын мойындаған. Ол шаштары кедергі жасамас үшін оларды айналасына шырмап немесе, басының төбесіне шәлі тәрізді орап қояды екен. Бір қарағанда оның шашы киізді еске түсіреді. Ван Хай емшілікпен айналысады және ауру-сырқауға шалдыққан кез-келген адамды өз үйінде қабылдайтын көрінеді.

Ал екінші орынды – тайландтық Ху Сатео иеленіп тұр. Ху Сатео 2001 жылы жүрек талмасынан қайтыс болған. Оның шашының ұзындығы – 5,79 метрді құраған.

Ал әйелдер қауымына тоқталар болсақ, ең ұзын шаштың иегері – қытайлық Кси Квипинг. Қытайлық арудың шашының ұзындығы – 5,63 метр. Ол шашын 1973 жылдан (13 жасынан) бері өсіретін көрінеді.

 

Суреттер: zapozitiv.ne,uscgyekat.ur.ru

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

19576 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 02 шілде 2012, 13:42
Пікірлер
+0
02 шілде 2012, 15:53

:shock: бастары ауырмайды ма екен-и???

+0
02 шілде 2012, 16:50

Соншалық қалың әрі ұзын шашпен қалай ұйықтайды екен. :roll: Оның үстіне 6 жыл бойы су тимеген Ужсс! :shock:

+0
02 шілде 2012, 17:04

Арай,айтпа!ана шаштың ішінде не боп жатқанын кім білсін??)))

+0
04 шілде 2012, 02:12

Шаштарының ішінде биттердің дискотекасы боп жатыр))))

+0
02 шілде 2012, 18:25

Ұзын шаштың ешқандай қиындығы жоқ!меніңде шашым ұзын ,1 метр, бірақ ауыртпалық әкелмейді! Көп адамдар:
- қалай жуасың? - деп сұрап жатады№ Менің ойымша еш қиындығы жоқ!!))) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...