- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Су бетінде «жүзетін»...
Су бетінде «жүзетін» үй
Кейде қаланың лас ауасы мен шуынан шаршаған кезімізде, ең бірінші өзімізге ыңғайлы, тыныш жер іздейміз. Осындайда демалысты естен кетпестей өткізу үшін италиялық сәулетші Джанкарло Зема «EcoFloLife» компаниясымен бірлесе отырып, «WaterNest 100» деп аталатын үй ойлап тапты.
Италиялық сәулетші қолға алған жобадағы үй су бетінде «жүзуге» ыңғайлы. Бұл үй - 98% таза экологиялық өңделген материалдардан, яғни желімделген брус және алюминийден салынған. Дөңгелек ағашты үйдің шатыры күн энергиясын генерациялау үшін, фотоэлектр панельдерімен қапталған. Сонымен қатар, әзірлеушілер бөлмелерге ауаны тазартатын табиғи микро – желдеткіш жүйелерін орнатқан.
Үйдің биіктігі - 4 метр, ал диаметрі - 12 метр болып табылады. Тұрғындар үлкен терезелері арқылы, айналасы қоршалған әдемі табиғат көрінісін тамашалай алады.
Cурет: novate.ru
Оқи отырыңыз
Жалғыз 50 рупиін жақсылыққа жұмсаған бала (видео)
Бұл қызық: Екі бейне – бір сурет
Оңтүстік Кореяда ерекше некелесу рәсімі өтті
Германияның ең мықты 10 қамалы
О. Сансызбай