- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Шөл далада орналасқан...
Шөл далада орналасқан кинотеатр
Дүниежүзіндегі ең қорқынышты китнотеатр Мысыр даласындағы Синай түбегінде орналасқан. Кинотеатр «Ақыр заман» деп аталады.
Айдалада тізбектеліп орналасқан орындықтар адамды ойландыруға мәжбүрлейді. Мұны көрген кісі ежелгі дәуір халықтарының құрылыс нысаны деп ойлауы мүмкін. Барлық 150 орындық түгелімен дерлік зақымдалған. Көрсетілім экраны құлап, проекторы мен қуаттағыш генераторы істен шыққан. Ең таңғалдыратыны бұл кинотеатрға небары - 10 жыл.
Шөлейтті жерге кинотеатр салу идеясы француз кәсіпкерінің ойына келген. Ол кинотеатрды техникалық құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету үшін Каир қаласындағы тастанды кинотеатр ғимараттарының біріндегі аппараттарды пайдаланған. Француз кәсіпкері құрылыс жұмыстарын аяқтап, өзінің бірінші келушілерін күткен уақытында бір нәрсені ескермей кеткені белгілі болады. Мысыр өкіметі мұндай энтузиаст адамдарға сын көзбен қарайтын болып шығады.
Сөйтіп Мысыр басшылары кинотеатрды қуатсыз қалдырып, генераторын өшірген. Бұл оған байланысты жалғыз кедергі емес, өйткені жергілікті заңға сәйкес Синай түбегі бойындағы шөлді далада жүруге тыйым салынады. Ал туристер болса, бұл мекенді айналып өтуге мәжбүр. Сол себептен «Ақыр заман» кинотеатры ашылған сәттен бастап, әлі бірде-бір фильм көрсетпеген. Ал қазірде елес кинотеатр тастанды тұр.
Оқи отырыңыз:
Аустрияның аңызға айналған жерлеріне саяхат
Үнді елінің азаматы 23 миллион долларға той жасады
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ең жас жауынгер он жаста болған
Сурет: www.terra-z
Н. Нұрмаханұлы