- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Нью-Йорк Орталық паркінің...
Нью-Йорк Орталық паркінің көрінісі
Нью-Йорк - үлкен мүмкіндіктер мен іскерлер қаласы. Биік-биік ғимарат, әлемдегі ең ірі қаржы орталығы, штаб пәтер - бәрі-бәрі осында. Сонымен қатар бұл жақтан әлемдегі ең үлкен жасанды қалың орман мен Нью-Йорк Орталық паркін табасыз.
Парк ұзындығы – 4 шақырым, ал ені – 800 метр. Туристер көп келетін орталық парк бүкіл әлемге теледидар арқылы танылған.
Бұл жобаны Ф. Олмстед пен К. Вокс есімді екі архитектор жүзеге асырған. Қазіргі таңда паркте жанды тыныштандыратын көл, көңілді сергітетін теннис алаңы және ауаның тазалығын реттеп отыратын орман жайқалып тұр. Атақты Бельведер сарайы да тап осы жерде.
Оқи отырыңыз:
Катардағы қолдан жасалған арал туралы білесіздер ме?
Жапониядағы "Қысқы шырағдан фестивалі" туралы білесіз бе?
Сурет: travelinnate.com
Н. Нұрмаханұлы