- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Ұлы Қытай қорғанының...
Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы дұрыс есептелмей келген
Ғалымдар ұлы қытай қорғанының ұзындығы бұған дейін айтылып келгендей 8,85 мың километр емес, 21,196 шақырым екендігін анықтады. Бұл туралы РИА Новости хабарлап отыр.
Бұған дейінгі есептерде қорғанның Мин династиясы дәуірінде (1368 - 1644 жылдары) салынған бөлігі ғана ескеріліп келген. Соңғы зерттеу кезінде жардың 44 мыңға жуық бөліктері еленіп, қытай тарихының барлық кезеңіндегі құрылыс жұмыстары есепке алынды. Ғалымдардың айтуынша, қорғанның 8,2 пайызы ғана өзінің алғашқы қалпын сақтай алған. 74 пайыздан көп аймақ табиғаттың мінезіне қарсы тұра алмай, жоқ болып құрып кету алдында тұр екен.
Ұлы Қытай қорғаны - аспан асты елінің басты мұраларының бірі. Оның құрылысы шамамен б.з.д. V - III ғ. сыртқы жаулардан қорғану мақсатымен басталған. Жәдігер 1987 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енді.
сурет: timechel.com