- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Әлемдегі алдыңғы қатарлы...
Әлемдегі алдыңғы қатарлы қонақүйлер
Бес күндік жалған өмірде бір рет болса да, ел көріп, жер көріп, саяхаттаған абзал. Табиғаты керемет жердегі жайсыз қонақүй демалысыңызды құрдымға жіберуі мүмкін. Ал керісінше, ғажайып қонақүйдегі жайсыз саяхат таңқаларлықтай көрінеді. Мінсіз тұрғын жай мен тамаша саяхат үндессе ше? Онда нұр үстіне нұр болары хақ. Әлемдегі алдыңғы қатарлы қонақүйлер топтамасы сіздерді бей-жай қалдырмасы анық.
1. Ladera Resort, Сент-Люсия
Бұл Кариб теңізінде саяхаттауға мүмкіндік беретін ең керемет орын шығар, бәлкім. «Ladera Resort» қонақүйі өзінің әдемілігімен, ыңғайлылығымен және тамаша орнымен ерекшеленеді. СПА-орталығы, түрлі экскурсиялық бағдарламасы бар. Асып қоятын орындықта отырып, бассейнге сүңгуге болады. Бұл қызмет көп бассейнде бола бермейді...
2. Manta Resort, Танзания
Тропиктік аймақтағы жеңіл тұрғын жайда баспалдақпен төмен түсіп, пердеңізді ысырып қойып, балықтарға қарап отырғыңыз келе ме? Ал, нөміріңіздің жағалауда емес, мұхиттың дәл ортасында тұрғанына қалай қарайсыз? Бұл екі сұраққа Занзибар архипелагының солтүстігіндегі Пемба аралында орналасқан «Manta Resort» қонақүйі жауап бере алады.
3. «Убуд аспалы бағы», Бали
Бір бутик-аралға Аюнг өзенінің көрінісін қосып, Паянгана джунглиінен шым-шым сеуіп арманыңыздағы шипажайыңыздан ұмытылмас әсерлі коктейль жасаңыз. «Убуд» шипажайы вилласымен және ағаш террасаларымен танымал. Қос деңгейлі бассейн – бұл қонақүйдің түрлі марапатқа ие болған мақтанышы.
4. «Icehotel» қонақүйі, Юккасъярви, Швеция
Бұл қонақүйдің көрінісі қыстың салқын ауа-райын еске түсіреді. Тұрғын үй демалушыларға тек жылдың бір-ақ мезгілінде қолжетімді, өйткені қонақүйді әр қыс сайын жөндеуден өткізу керек. Қақаған қысқа қарамай «жылы бөлмелерде» ұйықтауыңызға, «мұзды үйшіктерде» еркін демалуыңызға, керек десеңіз, «түннің бір уағындағы мұзды шығармашылық» атты экскурсияға баруыңызға болады.
5. Cocoa Island Resort, Мальдив аралы
Архипелагтың бас әуежайынан жеке иеліктегі Кокоа аралының дәл ортасынан «жарып шыққан» «Cocoa Island» қонақүйіне 40 минутта моторлы қайықпен бара аласыз. Бұл қонақүй 33 жеңіл тұрғын жайдан тұрады. Аппақ қардай құм мен мөлдір таза су... Бұдан артық не керек? Қонақтар дайвингпен айналысып, су деңгейінен сәл шығып тұратын теңіз жартастарын зерттеп, ем қабылдай алады.
6. «Loisaba» қонақүйі, Кения
Кения құмында өзіндік ерекшелігі бар қонақ-жай көсіліп жатыр. Бұнда келушілерді «ашық аспан астындағы жатын бөлме» күтеді. «Кикобо» қонақүйінің терезелерінен өзенді алқап көрінісін, ал «Койя» қонақүйінен бағаналы Эвасо-Нгиро өзен көруге болады. Әр нөмірде «ашық аспан астына апаратын» дөңгелекті «Мукокотени» кереуеті бар. Бұл аумақ төңірегінен піл, бөкен, арыстан, зебра, леопард секілді аңдарды көрсеңіз, таңқалмаңыз.
7. «Marques de Riscal» қонақүйі, Испания
Испанияның «шарап астанасы» атанған ортағасырлық Эльсьего қаласында орналасқан бұл ғажайып қонақүй атақты сәулетші Франк Геридің жобасы бойынша салынған. Келушілер дәстүрлі Баск тамағынан дәм татып, испан даласына биіктен қарап сүйсіне алады.
8. Dedon Island Resort, Филиппин
Бұл – 10 жеңіл кішкене тұрғын жайдан тұратын Сиаргао аралындағы (Филиппин) жастарға арналған дизайны бар қонақүй. Бұл қонақүй жиһаз өндіретін "Dedon" компаниясының көше жиһаздарын 20 жыл бойы тұтынуымен ерекше.
9. Финда жеке иеліктегі қорығы, БАӘ
Бұл – Квазулу-Натал провинциясының жекеменшіктегі қорығында орналасқан отбасыға арналған шағын, бірақ сәнді үй. Бұл жерде сізге Табиғат-Анамен тілдесуге керемет мүмкіндік туындайтыны анық.
10. «Emirates Palace» қонақүйі, Абу-Даби
«Emirates Palace» – Кемпински қонақүй торабының ең үлкен, жеті жұлдызды қонақүйі. Жеке яхта тоқтайтын жері мен тікұшақ қонатын айлағымен белгілі.
Жалғасы бар...
Сурет: mixstuff.ru
Е. Жұмабайұлы