Жапониядағы 2 метрлік қонақ үй туралы бұрын біліп пе едіңіз?

Жапониядағы 2 метрлік қонақ үй туралы бұрын біліп пе едіңіз?

Бұл қонақ үйдің көлемі өте кішкентай және сырт келбеті капсулаға айнымайды. Қонақ үй «Capsule Inn Akihabara» деп аталады. Қазақша мағынасы – «Акиабарадағы капсула». 

Қонақ үйдің бөлмелері шағын болғанымен қонақтауға өте ыңғайлы. Қонақ үйдің әрбір бөлмесінде теледидар, ғаламтор желісі, радио, оятқыш, қолмен басқарылатын электр жарығы және мызғып алуға өте ыңғайлы төсек-орындар бар. Олардың барлығы технологияның ең соңғы үлгісі бойынша жабдықталған. Құралдар әдейі тұрақтаушыға қолайлы болу үшін бөлменің жоғарғы бөлігінде орналастырылған. Сонымен қатар, сіз барлық аппараттарды пульт арқылы еркін басқара аласыз. Бөлменің ұзындығы небары 2 метр, бірақ оған қарамастан қонақ үй жоғары сұранысқа ие.

 

Оқи отырыңыз: 

Бұл өмірде мейірімді адамдар әлі де бар...

Қытайлар 15 күнде 30 қабаттық үй салып шықты

60 метр биіктікке атқылайтын гейзерді тамашалаңыз

Жол сандыққа керек заттарды қалай ұқыпты сыйдыруға болады? (Видео)

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет: interest-planet

Н. Нұрмаханұлы