Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ең әдемі көктем...

Ең әдемі көктем...

Көктем – жылдың ең романтикалық, ең сұлу маусымы. Бүкіл әлем қысқы ұйқыдан оянып, бақшада құстар сайрап, алғашқы гүлдер бүр жарып, ауада махаббат иісі қалықтап жатса одан асқан керемет бар ма? Мұндайда ақын Абайдың: 

"...Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі" – деген өлең жолдары еріксіз еске түседі.

Қазақ даласында "Түйе боздап, қой қоздап – қора да шу" болып жатса, әлемнің кейбір бұрыштарында қыстың қаһарлы лебі әлі де сезіледі. Бәрібір де, көктем келді! Көктем иісі сезіледі. Көктемнің сұлу қалпы қыздар қауымына да әсер етпей қоймайды. Олар да осы мезгілде жаппай құлпырып, жайнап кетеді. Олай болса, аруларымызға жаңа дем беретін мезгіл басқа елдерге қалай келеді екен? Бірге тамашалайық.

Париждегі Эйфель мұнарасының алдындағы шие де гүлдеген (Франция).


Исуми қаласындағы Тиба ауданында жапондық өрік гүл жарып қойды (Жапония).

Мадрид саябақтарындағы бадана (миндаль) гүлдерінің иісі мұрынды жарады (Испания).

Кёльн шалғындарында сап-сары нәркестердің (нарцисс) бастары көрінеді (Германия). 


Кефалиния аралындағы Энос тауында бадамдар ақпан айынан бастап гүлдейді екен (Грекия).


Көктем десе бар әлемді құшағымызға сыйдырып алғымыз келеді ғой... Ал мына әйел Дрезденнің көктем гүлдеріне тамсанып отыр (Германия).


Германияның көктемі мұнымен бітпейді, адамдар сәт сайын қызықтайтын зағыпыранды (крокус) айтпай кетуге болмайды (Германия).


Калифорния штатындағы Лос-Анджелес мұражайының алдындағы көрініс (АҚШ).


Тағы да Исуми... Тағы да өрік... Сонда да көз тоймайды (Жапония).

Испанияның шығысындағы Мурсияның шабдалы ағаштары әлдеқашан гүлдеп қойған.

Аралар өз жұмыстарына кірісіп үлгерді (Германия).


Көктем мен күлімдеген сәби егіз ұғым секілді көрінеді (Токио, Жапония).


Щецин қаласындағы саябақта кілем болып төселіп жатқан зағыпырандар (Польша).


Массачусетс штатындағы сірке ағашы құстардың азығына айналып кеткелі қашан... (АҚШ)


Кипр аралындағы бадана ағашы...


Майенфельдтегі шие ағашы (Швейцария).


Вайсензее көліне аққулар қоныпты (Германия).


Лондон шалғынында бой созған мына арудың дәл қазір арманы жоқ шығар...


"Қыстан аман-есен шыққандар" Париж аспанының астында (Франция).

Пекинде терек мамықтары ұшып жатыр. Аллергиясы барлар үшін қиын болса да, әдемі көрініс (Қытай).


Ғажап! (Ливерпульдегі Сефтон саябағы, Ұлыбритания).


Вьетнамдағы Ханой алқабындағы шабдалы бұтақтарын базарға әкеткелі жатқан әйел. Олардың нанымы бойынша, шабдалы гүлі әрбір отбасына бақыт әкеледі. Көктем баршаңызға қуаныш, бақыт сыйласын!


Соңында... Сүйікті Алматымыздың құшағындағы алғашқы гүлдер...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

сурет: ©massaget.kz, 4tololo.ru, blog.filologia.su, allfons.ru

12162 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 09 сәуір 2014, 11:11
Пікірлер
+0
09 сәуір 2014, 13:18

күштііііі)))))

+0
09 сәуір 2014, 14:11

Көктеммен қоса фотоаппаратының мегапикселі көп болған сияқты ғой...

+0
09 сәуір 2014, 14:35

осындай суреттерге қарасам жаным жай табады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...