Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Шөлдегі ең ұзын тас жол

Шөлдегі ең ұзын тас жол

Шөлдегі ең ұзын тас жол

Қытайдағы Такламакан шөлінде жатқан Тарим тас жолы Лантай және Линьфэнь қалаларын байланыстырады. Жолдың жалпы ұзындығы 552 шақырым екен. Оның 446 шақырымға жуығы адам аяғын баспаған аймақтарға төселген. Бастапқыда бұл жерлерде биіктігі 20 метрге жететін құм төбелер болған.


Биік құм қыраттарды басу үшін жолдың екі жағы да тегістеліп, жасыл өсімдіктер отырғызылады. Егілген өсімдіктерді сақтап тұру үшін әрбір төрт шақырым сайын арнайы қызметкерлер қойылған. Өсімдіктер суарылатын су 100 метр тереңдікке дейін қазылған құдықтардан алынады. Судың тұздылығының жоғарылығына қарамастан, жасыл белдеулер жайқалып тұр.


Үкімет құмды жердің тәртібіне көнетін өсімдіктерді таңдау үшін бес жыл бойы тәжірибелік жұмыстар жасаған. Ең алғаш рет 1999 жылы 6 шақырым аймақ жасылдандырылады.

2001 жылы бұл мөлшер 30 шақырымға дейін ұзартылады. Нәтижені байқаған үкімет 2003 жылы жобаға қолдау білдіреді.

 
Шөлдегі Тарим тас жолының экономикалық маңызы зор. Өзіңіз де "мына жолға неге осындай жағдай жасалады, соншама қаржыны жұмсаудағы мақсат не?" деп ойлап отырған боларсыз. Тас жол ең алғаш рет 1995 жылы Такламакан шөліндегі мұнайды тасымалдау үшін төселген. Содан бері оны сақтап қалу үшін түрлі іс-шаралар жүргізіліп келеді.


Бұл жол табиғи байлықты тікелей тасымалдауға мүмкіндік береді. Адам тұрмайтын аймақ болғандықтан, саяхатшылар мен қонақтарды күту үшін жол бойына мейрамханалар, май құю бекеттері тұрғызылған.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: lifeglobe.net

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 08 сәуір 2014, 13:00
Пікірлер
+0
08 сәуір 2014, 13:53

шеттерін күшті жасаған иа

+0
08 сәуір 2014, 16:58

Біздің кең-байтақ жеріміздегі осындай шөл далаларды да жасылдандырып, адамдарды қоныстандырса ғой..

+0
09 сәуір 2014, 09:40

Иә, ұзын-ақ екен.

+0
09 сәуір 2014, 22:08

Біздің Маңғыстаудағы Үстірт таулары мен Сенекті еске түсіреді екен, мына суреттер! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.