Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / "Күншығыс елінің" құпиясы: жапон этикасы

"Күншығыс елінің" құпиясы: жапон этикасы

Достық үстінде де әдеп сақталуы тиіс. Жапон мәтелі

Жапондардың ас үстінде неліктен шалпылдайтыны, әйелдерге есік ашып, алдымен өткізіп жібермейтіні шетелдіктерге әлі күнге жұмбақ. Бұл - жұмбағы мол Жапония. Фудзи тауы мен сушидің, құлтемірлер мен дәстүр-ғұрыптың елінде қиын әрі күрмеуі мол мәдениет сақталған.

Мақаламызда жапон этикасымен жақынырақ таныса отырсақ: таяқшаны қалай дұрыс ұстау керек, әңгімелесушімен қалай дұрыс сәлемдесу қажет, қоғамдық транспортта өзіңді қалай ұстаған дұрыс.

Жапон этикасы - қиын әрі күрдерлі "ғылым", оның түп тамыры Конфуциандықта, Синтоизмда, жапон қоғамының бүгінгі иерархиялық қатал жүйесінде жатыр.

Жапондар үнемі өздерін сыпайы әрі байсалды ұстауға тырысады. Еуропалықтардың өз мәдениеттеріне бірден үйренісіп кетуінің қиын екендігін жете түсінгендіктен, олар туристердің тосыннан танытқан мінез-құлқына ақ адал көңілмен, сыпайы сықақпен жауап беріп әдеттенген. Өзге жұрт өкілдері жапон мәдениетін үйреніп жатса, олар үшін бұл зор мәртебе.

Сиқырлы сөз немесе әңгімелесушімен тілдесу

Нихонго но кэйсё - адам мен зат атауларына жалғанатын жұрнақ, әңгіме кезінде адамның мамандығы мен тегіне, есіміне қосыла айтылады. Әңгімелесушінің қаншалық туыс екендігін және әлеуметтік байланыс маңыздылығын көрсетуге дәлел.

Бұл елде жұрнақсыз тілдесу дөрекілікке жатады. Тек мектеп оқушылары арасында, студенттер мен жақын достардың ортасында, сонымен бірге, үлкеннің балаға қарата айтқан сөзінде бұл жұрнақтар көрініс таппайды.

Нихонго но кэйсё жұрнағының бастылары:

-сан – әлеуметтік мәртебесі тең адамдар арасында, кіші мен үлкеннің әңгімесінде, ет-жақын туыс емес жандардың сұхбаттасуында жалғанады. Ұстамдылықты көрсетеді. Қысқа қайырғанда, біздің "Сіз" деген секілді.

-кун – әріптестер мен достар арасында, үлкеннің кішіге қарата айтылған сөзіне жалғанады.

-тян – әлеуметтік мәртебесі мен жас мөлшері бірдей жандардың жақын ара қатынасында, және де балаларға қарата сөйлеуде қолданылады.

-сама – сый-құрметтің соңғы шегінде, көбіне ресми хаттарда жалғанады.

-сэмпай – кішінің үлкенге қарата сөйлеуінде қолданылады (ұстаз - оқушы, тәжірибелі маман жұмысшы - тәжірибесі жеткіліксіз маман);

-кохай – сэмпай жұрнағына қарсы мәнде;

-сэнсэй – ғалымға, дәрігерге, жазушыға, саясаткерге, жалпы алғанда, қоғамдағы сыйлы жандарға қарата қолданылады.

Сәлеметсіз бе?!

Сәлемдесу - жапон мәдениетінің айнасы іспетті. Көбіне иілумен көрініс тауып жатады (ол жайлы төменде), қолданыста айтылатын сөздері де бар:

Охаё годзаймасу – қайырлы таң.

Коннитива – қайырлы түн.

Комбанва – қайырлы кеш.

Хисасибури дэсу – көп болды көріспегелі.

Сонымен бірге, «Оссу», «Яххо!», «Оой!» (ерлер ортасында) бейресми нұсқалары да қолданыла береді.

Сау бол!

Жапонияда қоштасу үшін қолданыста мынадай сөздер бар:

Сайонара – көріскенше, сау болыңыз.

Матанэ – сау бол, көрісерміз.

Оясуми насай немесе жай ғана оясуми – қайырлы түн.

Рақмет

Жапонияда алғыс жаудырудың реті:

Домо – рақмет.

Домо аригато – көп рақмет.

Домо аригато годзаимас – көп-көп рақмет.

Тәңір жарылқасын

Құрмет көрсету реті:

Доитасимаситэ – алғыс айтуға татымайды.

Котиракосо – сізге рақмет.

Оцукарэ сама – тамаша жұмыс.

Бұйымтай

Көмек сұрау үшін «онэгаи» немесе «кудасаи» деп айту қажет. Дегенмен, Жапонияда әдетте көмек сұрай бермейді (тек қиын сәттерде болмаса).

Сондықтан, қол ұшын беруден бас тарту – бұл елде дөрекілік емес, керісінше, сый-құрметтің белгісі саналады. Әлгі жан бірнеше мәрте көмектесуге дайын екендігін білдірсе ғана, қолдауды қабыл алуға болады екен.

Кешірім сұрау

Әдетте кешірім былай сұралады - «Гомэн насай» немесе «Сумимасэн». Соңғысы сөзбе-сөз аудармасында "маған кешірім жоқ" деген мағынаны береді. Жапондар бұл сөзді жиі қолданып, ең ақыры, жайсыздық тигізген сөз иесіне сол арқылы сый-құрметін білдіруге тырысады.

Жапондар үшін сөз екінші орында, екінші мәнге ие. Көпшілігі (егер барлығы болмаса) ым-ишара тілінде жеткізуге әдеттенген.

Жапондармен тілдесуде басты қағида - жеке кеңістікті бұзуға жол жоқ.

Ет-жақын туыс емес жандармен әңгімеде арақашықтықты ұстап тұруыңыз тиіс. Арқадан қағып, құшаққа алып жатуға болмайды. Қысқасы, өзгенің жеке меншігіне аттап басуға тыйым салынады.

Көзқарас

«Көз – жанның айнасы» – дейді бізде. Жапондар өз жанын көпшілік алдында көрсетіп әдеттенбегендіктен, әңгіме үстінде олар бір-бірінің көзіне мүлдем қарамайды десе де болады.

Мұның түп негізі ерте уақыттардан қаланған болып шықты: сол уақыттарда әлеуметтік мәртебесі жоғары тұрған жанның көзіне тіке қарауға болмайтын болған. Бір сөзбен айтқанда, естіп білмеген көргенсіздік саналып келуде.

Тағзым

Сәлемдесу, алғыс айту, кешірім сұрау, құрметтеу - осының бәрін жапондар тағзым арқылы жеткізіп жатады.

Тағзым (ojigi) - жапон мәдениетінің алынбас бір бөлшегі. Тіпті, осы күні де телефонмен қоңырау шалып, бір-біріне тағзым ететін кездері де болып тұрады (әрине, ойға алмастан).

Ең бастысы, дұрыс тағзым - тәрбиеліліктің көрінісі.

Тағзымның үш түрі:

Eshaku – білінер-білінбес әрі қысқа тағзым. Арқаны 15º градусқа иесіз. Күнделікті тұрмыста жиі қолданыста. Әріптестермен сәлемдесуде, әлеуметтік мәртебесі жоғары жандармен амандасқанда, не болмаса "рақмет" орнына да қолданыла береді.

Keirei – ұзаққа созылатын тағзым (30º). Сыйлы әріптестер мен кәсіпкерліктегі серіктестердің ортасында орындалады.

Sai-Keirei – тағзымның ең қадірлісі (45º). Шексіз сый-құрметті білдіруге, маңызды жандармен амандасуда қолданылады.

Дұрыс тағзым ету үшін, мына шарттар орындалуы ләзім:

Тоқтау.

Қарсы алдына тұру.

Қолды санға қою немесе қолды кеудеге жинау (gassho).

Тағзым жасау.

Қонаққа шақыру

Жапондар үйлеріне жиі қонақ шақыра бермейтін халық (әсіресе, шет елдің меймандарын). Мәселе, бұл тұста қонақжайлылықта емес.

Көп жапон үйді жалға алып тұрады. Өз үйі болмауы мүмкін. Және көпшілігінің үйлері тар, бөлмелері қуықтай келеді. (Өзіңіз-ақ ойлай беріңіз...)

Егер сізді қонаққа шақырған болса - сізге үлкен сый-құрмет көрсетілгені.

Бас тарту тұрпайылыққа жатады.

Сыйлықтар

Қонаққа құр қол баруға болмайды.

Сыйлықтар - жапон мәдениетінің маңызды бөлігі.

Сыйлықтар мереке қарсаңында, айтулы күндері, сый-құрмет белгісі ретінде беріліп тұрады.

Сыйлық берудің өз кәдесі, шарттары бар. Тіпті, қолданыста «Дзото» термині сақталған - сыйлықтарды табыстау өнері.

Сыйлықтарды табыстаудың алтын қағидалары:

Сыйлық міндетті түрде оралған болуы тиіс.

Сыйлықты (кісіден кісіге берілетін зат секілді) қос қолмен алған және берген дұрыс.

Сыйлықты бірден ашуға болмайды (әуестік пен іштарлыққа ұласады).

Сыйлық ұғынықты әрі жиын-тойға сай берілуі қажет (көбіне ақша түрінде).

Сыйлықта 4 саны тұрмауы тиіс (өлім иероглифінің омофоны)

Ең ақыры, сыйлығыңыз үшін (тіпті, ол қымбат болсын) "кешірім сұрауыңыз" тиіс (сіздің сыйлығыңыз бәрібір де сол адамға деген сіздің сый-құрметіңізден асып түсе алмайды).

Пошта арқылы келген сыйлыққа әдетте жауап ретінде алғыс хат жазады.

Сонымен, жапондардың қонақжайлылық әдебі бойынша, үйге кіргенде қонақ ауызғы бөлмеде («чэнкан») тоқтауы тиіс, сол орыннан оны үй иесі күтіп алады. Қонақ үй иесінің әйеліне сыйлықты беріп жатып, келіп мазалағаны үшін кешірім сұрайды. Үй иелері, өз кезегінде, қонақжайды қарапайым қарсы алып жатқанына кешірім өтінеді.

Осыдан соң үйге кіресіз.

Аяқ киім

Америка мен Еуропада үй ішінде аяқ киіммен жүру әдетке айналса, Азияда, соның ішінде Жапонияда аяқ киімді шешіп жүру міндетті саналады.

Үйге аяқ киіммен кіру - жапон этикасының өрескел бұзылуы. Жапондар тәжірибесіз туристерге көп нәрсені кешіруі мүмкін, бірақ, мұны қалыс қалдырмайды.

"Күн шығыс елінің" кейбір өңірлерінде, провинцияларында аяқ киімді жұмысқа барғанда да шешіп тұрады.

Демек, жапон үйінің табалдырығынан аттамас бұрын, аяқ киімді шешіп енген дұрыс.

Кейде олар мейманға үй аяқ киімін ұсынып жатады. Бұл тұста тағы бір тосын жайт күтіп тұруы мүмкін - әрқашан өз шұлығыңызды таза ұстап жүріңіз.

Тосын тағы бір жайт. Жапон үйлерінде ванна мен дәретханаларға кірер ауызда арнайы аяқ киімдер (тапочка) тұрады.

"Тұра берсін", - деп ойлаған мейман шұлықпен кіріп жатса, өзін үлкен ұятқа қалдыруы әбден мүмкін. Әжет бөлмесіне кірерде міндетті түрде арнайы аяқ киімді киген дұрыс.

Қоғамдық транспортта

Жапонияда қоғамдық орындарда ұстанатын бірқатар маңызды ережелер бар. Солардың бірі, транспортта:

Айқайлауға болмайды (тіпті, сіздің танысыңыз болып бара жатса да, топ ішінде қатты дауыстау сөлекеттік болып саналады).

Дөрекілік көрсетуге, иін тіресуде итеріп жауап қайтаруға (транспортта бірін-бірі итерісіп, аяқтан басып кетіп жатса да, ешкім мұны елемеген болып, ұрыс шығармай, төзіп тұра береді).

Бекетте, аялдамада, тіптен, пойыздың ішінде мобильді телефонмен сөйлесуге - бұл өзге жолаушылардың тыныштығын бұзуы мүмкін және мәдениетке қайшы келеді (барлығы SMS жазысады).

Егер сіз ер болсаңыз, әйелдерге арналған вагондарға мінуіңізге болмайды (кешкі уақыттарда нәзік жандыларға арналған арнайы пойыз вагондары жүреді. Тапталып қалмауы үшін).

Жұрт алдында мұрын сіңбіруге...

Дастарханға отырарда

Тамақ алдында

Тамақтану алдында (классикалық қағидаларға сәйкес) қол мен бетті тазалау үшін ылғалды ыстық сүлгі беріледі – «осибори». Бірақ, көпшілік қарапайым мейрамханаларда осибори болмауы да мүмкін.

Қай жерде болмасын, бірақ, сіз тамаққа кіріспес алдында «Итадакимас» (Itadakimasu – «Мен алғыспен ауқатты қабыл аламын») деп айтуыңыз қажет. Бұл "ас болсынның" орнына.

Таяқшалар

Хаси - тамақтануға арнайы таяқшалар. Хасиоки - астауша. Таяқшаны дұрыс ұстай білу - адамның жоғары мәдениеттілігінің көрсеткіші.

Хаси ұстауда өзіндік ережелер тағы бар...

Тост көтеру

«Kanpai!» – жапондар сакэні көтеріп тұрып, қағыстырған сәтте осылай айтады. Аудармада "түбіне дейін іш!" деген мағынаны береді.

Дей тұра, түбіне дейін ішудің қауіпті екенін айтпасқа болмайды. Сіздікі босап қалса, құйып отырған пысық жан қайтара тағы толтырып құюға тырысады.

Айтпақшы, егер сусындарды өзіңіз құйып отырған болсаңыз, онда өз құтыңызға соңғы құйылғаны дұрыс.

Тамақтанудан соң

Үстелден үн-түнсіз тұру - жүз танытуда дұрыс өң емес. Міндетті түрде ауқаттандырған үй иесіне (ол сізді естіп жатпаса да) алғыс айтуыңыз тиіс (мейрамхана аспазшысы, үй иесінің әйелі). Қолданыста - «Гочисосама» сөзі.

Тағы бірер кеңес

Үстел үстінде тағамды қатты шалпылдатып жеп жатса, таңғалмай-ақ қойыңыз - жапондар осы арқылы астан ләззат алып жатқанын білдіруге тырысады.

Шайға ақша беріп әуре болмаңыз - алмайды.

Іскерлік қарым-қатынас

Жапондар кәсіпкерліктің маңыздылығын жетік білетін жандар. Жапондық серіктестердің сеніміне кіріп, құрметіне ие болу үшін халықаралық іскерлік әдебінің бірнеше басты қағидаларын біліп жүргеніңіз дұрыс.

Кешігу

Жапондар ешқашан кешікпейді. Жапонды күттіріп қою, демек, сыйламағаныңыз. Кешігіп барғаннан гөрі, дұрысы, ерте барып алған жөн.

Жоқ!

Жапондық кәсіпкерден бірден бас тартуды естісеңіз – бұл, әрине, «нонсенс» болар еді.

Есіңізде болсын, жапондар еш уақытта "Жоқ" деп айтпайды.

Қойылған шарттар қолайларына жақпаса да, олар бастарын шұлғып, жалтармалы жауап беруге тырысады («Біз ойланамыз», "Бұл қиын", т.б.)

Мұндайда мінез-құлық танытудың тума өнері - «тиммоку» (жапондық үндемеу өнері) қолданылады -  адамды бас тартып ренжіткенше, дұрысы, үнсіз қалған ләзім.

Егер келісім жапонның толық ойынан шығып жатса, сіз нығыз әрі қысқа ғана "иә" деген жауапты естисіз.

Визитка

Визиткамен алмасу - жапондардың іскерлік қарым-қатынасында басты рәсімдердің бірі.

Біріншіден, визитка - бұл өз алдына шпаргалка (жапондарға өзге елдің есімдерін айту қиынға соғады).

Екіншіден, визиткада жұмыстағы құзырлы міндеті мінез-құлықты лайықты бағамдауға септігін тигізеді.

Үшіншіден, ол серіктеске көрсетілген құрмет белгісі.

Визитка бірінші кездесуде беріледі. Сыйлық секілді оны да қос қолмен бересіз және қол қолмен қабылдайсыз. Визитка ұқыпты, бағалы қағаздан жасалған болуы тиіс. Ең бастысы, ең аз дегенде екі тілде болуы шарт - жапон тілі мен ағылшын тілі.

Өзге елге барсаң - оның ғұрып, салтын ұстан. Жапон мәтелі

Жапон мәдениеті - жұмбағы мол мәдениет. Келтіре алғанымыз - айсбергтің су бетіне шығып жатқан бір бөлігі ғана. Егер жапон этикасының өзге де құпияларын білер болсаңыз, пікір арасында бөлісе отырыңыз.

Автор: Әкежан Дәкен

сурет: blogotur.info; keyfacts.ru; keyfacts.ru

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 22 қаңтар 2014, 17:56
Пікірлер
+0
22 қаңтар 2014, 17:50

Иәәә, жапондардың мәдениетінің сұмдықтығын Жапония туралы мақала дайындағанда мойындағанмын

+0
22 қаңтар 2014, 18:17

Транспорттағы әдебі керемет екен, біздікі мүлде басқа ғой...

+0
22 қаңтар 2014, 18:40

ең бастысы, көп нәрсе үйренуге болатын халық.

+0
22 қаңтар 2014, 22:46

мықты халық қой, дамып кетсе де өз мәдениет-ғұрпын сақтап қалған

+0
22 қаңтар 2014, 23:31

Окуга Жапонияга баргым келет.Дамып кеткен гой,дамып кеткены сонщалык казыргы кезде ол жерде барлык нарсены роботтар ыстеиды.Типти свет жагып есыкты ащып ауреленбеиди ( есык ащыл, свек жагыл,теледидар косыл ) тек ауызбен аитса болганы.Жане олар оте намысщыл халык ( озы кыналы бола тура адамдардан кещырым сурамайт ) негызы Жапон халкы туралы коп нарсе айтуга болады.Кыскасы Жапония дамыган ел гой )

+0
22 қаңтар 2014, 23:32

олар метронын ішінде махаббатпен айналыса береді. (солайғо иә)

+0
23 қаңтар 2014, 01:03

Күшті... :shock:

+0
24 қаңтар 2014, 19:58

сөздерді дұрыстап жазсаң жақсы болар еді. Коннитива емес конничива. Хисабури емес хисашибури, хаси емес хаши деп. Мынау жазғандарың орыстар өз тілдеріне сәйкес болмағасын солай жазып кеткен ғой, тіпті Хирошиманы Хиросима деп, орыс тілінен үлгі алып қажет емес

+0
18 наурыз 2014, 22:27

Жапон халқынан көп нәрсе үйренуге болады көп...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.