National Geographic-тің қызықты фототарихы

National Geographic-тің қызықты фототарихы

Өткен айда ғана әлемнің үздік журналдарының бірі National Geographic 125 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Журналдың өмір сүру тарихындағы қызықты әрі танымдық сәттерін де еске алды бұл басылымның журналистері. Сол тарихи сәттер туралы бірнеше қызық мәліметтерді ұсынып көрейік.

Эверест көлеңкесі. Бұл суретті Эд Вистурс түсірген. Ол Эверест шыңына жеті мәрте көтеріліп, аман қалған алғашқы еуропалық саналады. 1997 жылы тұрақтан шыңға шығу алдында, таң мезгілінде Эд пен оның әріптестері көлеңке көреді. Көлеңке бар әлемді алып жатқандай болғаны үшін оны әлемнің шатыры деп атаған екен. Сонымен, Эд қытымыр аязға қарамай сәтті кадр жасай біледі. Бұл фотография оның өміріндегі ең кереметі саналыпты.  

Антарктидадағы треккинг. Треккингты тауға шығушылар сол шыңға көтерілу барысында түсірген суреттері деп түсінеді. Ал ХХ ғасырда Оңтүстік полюсте Амундсен мен Скоттың таласы кезінде Дуглас Моусон мүлде қарсы бағытқа жол тартады, оны Антарктиданың мұзды кеңістігі қызықтырыпты. Оның түсірген суреттерін кейін фотографтар өңдеп, сапасын түзейді. Ол өз саяхатында барлық жолсеріктерін мәңгілікке шығарып салады да, жергілікті тұрағына жалғыз қайтып келеді. Оның артында 22 том ғылыми зерттеу қалады. Көптеген жарты аралдар, теңіз, жанартау мен жағажай оның атымен аталып кетеді.

Серфты арқалау. Бұл күнде адам баласы аяқ баспаған жерге бару үшін әбден ішіңіз пысуы қажет. Брайан Моралес пен Джастин Дешилдз Солтүстік Американың ешкім мекендемейтін жері – Төменгі Калифорнияны аралап, Кортес көлінің шөлді жағажайларына тап болады.

Ілінген сәтте. National Geographic басылымының қызметкері Джимми Чин тауға өрмелеушілердің қандай да бір қозғалысын мүлт жібермей түсіріп алуға шебер. Бұл сурет Йосемитидегі Хаф-Доум гранитті монолитінде түсірілген. Джимми Чин аты аңызға айналған жартасты бағындырып, қайта түсіп бара жатқан Алекс Хоннольдті бақылайды.

Ақ аюдан қашу. Йон Тюрк пен Эрик Бумер Элсмир (Канада)– үлкендігі бойынша әлемнің ондығына енетін аралды айнала жүзіп шыққан алғашқы каякерлер. Мұзды су да, қарлы боран да, тіпті ақ аюлар да кейіпкерлерімізді тоқтата алмапты.

Жазбамызды тәмамдайық. Бір ғана сұрақ, сіз дәл осы батырларымыз секілді, саяхаттауды ұнатасыз ба?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: birdymag.ru

А. Құлтай