- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Голландия жайлы не...
Голландия жайлы не білеміз?
Қызғалдақ гүлінің отаны саналатын Голландия жайлы не білеміз? Голландияның өзге елдерден қандай ерекшелігі бар? Жергілікті халықтың болмысы басқалардан неге бөлек? Голландия елі туралы қалыптасқан стереотиптер мен деректерге назар салыңыз.
1. Голландия халқының денсаулығы мықты. Иммунитеті жоғары. Олар ауруға жол бермейді. Тіпті, қыс мезгілінде олар жеңіл-желпі киініп, аязда бас киімсіз жүре береді.
2. Голландия аумағының басым бөлігі теңіз деңгейінен өте төмен орналасқан. Ең төменгі нүкте теңіз деңгейінен 6,7 метр төмендікті құрайды.
3. Голландиядағы ең танымал көлік құралы – велосипед. Шамамен 16 миллион халық велосипедпен қозғалады. Елдің әр тұрғынында велосипед бар. Амстердам қаласында велосипедтердің саны халық санынан да көп.
4. Алайда, велосипедтерді көп ұрлайды. Әсіресе, Амстердам қаласында ұрылар көп жүреді. Сондықтан да, велосипедке арналған құлыптың бағасы қымбат болып келеді.
5. Голландия халқы ыстық тамақ ішпейді. Олар көбіне ірімшік қосылған сэндвич және басқа да нан-тоқаштармен ауқаттанады.
6. Голландия халқының басым көпшілігі ағылшын тілін меңгерген. Орталық және кабельді арналардағы бағдаламалар, кинотеатрдағы фильмдер түпнұсқада субтитрлармен бірге көрсетіледі. Ағылшын тілінен басқа голландықтардың басым көпшілігі неміс және француз тілдерін меңгерген.
7. Голландия халқы нашақор деген пікірлер кеңінен таралған. Бұл шындықпен жанаспайды. Алайда, Голландия басшылығы анаша-темекі шегуге қарсы күрес жүргізуде.
8. Голландияда кез келген жергілікті азамат өз үйінің ауласында 5 бұтақ қарақурай шөбін (конопля) өсіре алады.
9. Голландияда гүлдің бағасы өте арзан әрі сапасы жоғары. 50 қызғалдақтан құралған гүл шоғын бар жоғы 5 еуроға сатып алуға болады.
10. Голландия елі өз өсімдіктері мен гүлдерін экспортқа шығарады. Дүниежүзінде АҚШ пен Франциядан кейін Голландия ауыл шаруашылығынан алынған табыс бойынша 3-орынды иеленеді.
11. Голландияда жезөкшелікке жол берілген. Тәнін саудалаған жандар өз тапқан табысынан мемлекетке салық төлейді.
12. Әлемдегі ең биік ұлт – голландықтар. Олардың орташа бойы 182 сантиметр.
13. Жергілікті халық терезедегі перделерін ешқашан жаппайды. Бұл әдет соғыс жылдарында басталған. Ол кезде ашық терезелер «жасырып жатқан ештеңе жоқ» деген мағынаны беретін.
14. Голландықтар өте тәртіпті әрі әдепті халық. Жергілікті халық заң мен ережелердің барлығына бағынады, оларды сақтауға тырысады.
15. Голландықтар спортқа жақын халық. Олар әр кез физикалық жаттығулар жасап, спортпен шұғылданады. Жылдың кез келген маусымында олар жүгіру мен велоспортпен айналысады.
16. Орта мектептер мен жоғары оқу орындарда 10 балдық бағалау жүйесі енгізілген. Алайда, ең жоғары 10 балл алу мүмкін емес. Сондықтан да, 9 балл әдеттегі бестік бағамен бірдей.
17. Голландия ауа-райы жауын-шашынға толы, күнді және ауыспалы болып келеді. Жергілікті халық ауа-райы жайлы әңгіме қозғағанды қатты ұнатады.
18. Голландияда барлық дерлік дүкендер мен сауда орталықтары кешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Аптасына бір ғана рет олар кешкі 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
19. Үй мен жер салығынан басқа, голландықтар су тасқынына қарсы жүйенің салынуына арнайы төлемдер салып отырады.
20. Голландықтар тау деп атайтын ең биік нүкте 323 метр биіктікті құрайды.
21. Голландия мұражайларға бай ел. Бүкіл мемлекет бойынша мұражайлардың саны шамамен 1000-ға жетеді.
22. Халық санының тығыздығы 391 адам/шаршы шақырым.
23. Голландықтар кестемен өмір сүреді. Тіпті, жақын туған-туыстарымен кездесу үшін олар өз уақыттарын алдын ала 2-3 апта бұрын жоспарлап қояды.
24. Голландия халқының ең сүйікті асы – шабақ балығы. Бұл балық арнайы дүңгіршектерде сатылады.
25. Шабақ балықтан кейін ең сүйікті тағам - майонез қосылған фри картобы. Голландықтардың басым көпшілігі осы тағаммен түстенеді.
26. Голландия — әлемдегі ең ірі сыра өндірушілердің бірі. Heineken, Amstel, Grolsch сияқты танымал сыра брендтерінің отаны- Голландия. Алайда, сапалы сыра өндіруден Голландия артта қалған.
27. Голландия арағы Jenever деп аталады. Дәмі арзан вискиге ұқсайды екен.
28. Голландия халқының мінезі тік. Олар өз ойларын ашық әрі нақты жеткізеді.
29. Голландия халқы сөйлескен кезде белгілі бір қағидаттарға сүйенбейді.
30. Голландия халқы өте еңбекқор. Егер де ауырып қалған жағдайда, оларға жұмыстан дәрігер жіберіп, аман-саулығын сұрап кетеді. Сондықтан да, бұл ел жұмысқа бармас үшін өтірік ауырып қалуды ойластырмайды.
Суреттер: lookatme.ru, hogen-mogen.ru
Ғ. Ұзақ