Сеул қаласы туралы қызықты мәліметтер

Сеул қаласы туралы қызықты мәліметтер


  • 2009 жылы ашылған Ханган өзенінде салынған «Кемпірқосақ субұрқағы» көпірі «Әлемдегі ең ұзын су бұрқақ көпірі» деген атпен әлемдік Гиннес кітабына енгізілді. Су жоғарыдан төменге қарай ағып, әр минут сайын 190 тонна су шығындалады.

 

  • Сеул қаласының Инсадон ауданында «Кимчхи әлемі» атты көрме орталығы бар. Көрмеде тұздалған орамжапырақ пен Бейжің орамжапырағынан жасалған тағамдар көрсетіліп, көпшілікке ұсынылады.

  • Ірі трансұлттық корпорациялардың штаб-пәтерлерінің саны жағынан дүние жүзі бойынша Сеул жетінші орында.

 

  • 1974 жылы ашылған 300 шақырым жер асты жолы мен 200 станциялы Сеул метросы Токио мен Нью-Йорк қаласындағы метролардан кейінгі әлем бойынша үшінші үлкен метро.

 

  • Корей еліндегі ең биік ғимарат 63 қабатты «Тэхан сэнмен» сақтандыру компаниясының ғимараты. Оның биіктігі 249 метр.