Күнді ғашық еткен Ямайка

Күнді ғашық еткен Ямайка

Күн сайын қайталана беретін оқиғалардан зерігіп, көңілсіздікке тап болдыңыз ба? Онда күн мәңгі мекендейтін, жылы теңізді, сұлу сарқырамалы мекенге сапар шегетін сәт туды деген сөз. Әрине, әңгіме Ямайка туралы болмақ.

Мұндағы ресми мемлекеттік тіл – ағылшын тілі (кішкене африкан тілдері араласқан диалектілер де ұшырасып жатады). Сондықтан, тіл жағынан ешқандай қиындық жоқ. Климаты өте жылы келеді. Өзіндік ерекше салт-дәстүрі, наным-сенімдері, мәдениеті бар.

Ямайканың тарихы аздап драмалы келеді және Христофор Колумбтың ашуларынан басталады. Кейіннен бұл жердің ата тұрғындары үндістер жоғалып, аралға африкандық құлдар әкеледі. Бұл аймақ өзінің сан мың ғасырлық тарихында не көрмеді десеңізші?! Бұл жерде талайға өлім сепкен соғыс та, қырылыс та болды. Тіпті, Ямайка он жетінші ғасырда қарақшылар астанасына айналды. Он тоғызыншы ғасырдың орта тұсында бұл өңірде қамыс өсіру жұмыстары қолға алынып, еуропалықтар ағылып келе бастады.

Аралдың батысы мен солтүстігінде Монтего-Бей және Негрия сынды танымал шипажайлар бар. Тұрғын үйді өз талғамыңызға қарай таңдай аласыз (бағалары әр түрлі: арзан, қымбат).

Ямайкада тағаммен әзілдесуге болмайды. Онда манго, гуавудан басқа жұмыртқаның дәмін еске салатын жемістерді сатады және тағамдарға ел аузында "есалаң" деген атпен таралған дәмдеуіштер қосылады. Сондай-ақ, өте күшті, ыстық, хош иісті "рог" деп аталатын сусыннан бас тартпаңыз. Әлемге кеңінен танылған бұл сусынды қарақшылар, құлсатушылар, баукеспелер кие тұтқан деседі. Рог – Ямайка мақтаныштарының бірі әрі нышаны саналады.

Ямайка туралы қосымшы мәліметтер:

Ямайка - Кариб аумағындағы тұңғыш тәуелсіз мемлекет.

Ямайка - Кариб теңізіндегі көлемі жағынан үшінші орындағы көрікті арал.

Ямайка - желкеншік-көбелек (көлемі бойынша әлемдегі екінші үлкен көбелек) мекендейтін бірден-бір өңір.

Ямайка - әнші Роберта Марлидың Отаны.

Ямайка - спортшы елдердің көшінде тұр. АҚШ-ты қоспағанда, Олимпиада жүлделері бойынша, рекордтық көрсеткіштері ең көп ел.

Әлемдегі ең жылдам адам Усэйн Болт Ямайканың тұрғыны.

Басқа елдерге қарағанда, Ямайкада егіздер көбірек дүниеге келеді.

Ямайка - темір жолдар дүниеге келген батыс жарты шардағы тұңғыш мемлекет.

Ямайка - банан мен ромды (алкогольді шараптың бір түрі) өндірген алғашқы мемлекет.

Өмір ағашы немесе темір ағаш - Ямайканың ұлттық өсімдігі саналады.

 

Суреттер:.liveinternet.ru,expedea.ru,wideopenroad.ru 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева