Норвегиялық акробат Эскиль Реннингсбаккен Қытайдағы Хуань провинциясындағы каньондардың бірінде қауіпті трюк жасады.
Шебер 300 метр биікте орналасқан Айжай көпіріне шығып алып, турникетте түрлі шеберлік әдістерді орындады.
Айта кетелік, ролик ҚХР-дың мемлекеттік телеарнасынан көрсетілген.
Бұл норвегиялық азаматтың көпшілік алдында орындаған алғашқы трюгі емес. Бұған дейін каскадер бір дөңгелекті велосипедпен жарты километрлік жарқабақтың шетімен жүріп өтіп, танылған болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: YouTube.com сайтынан скриншот
Massaget