Ең ұзақ уақыт ұшатын әуе рейсі

Ең ұзақ уақыт ұшатын әуе рейсі

Cathay Pacific әуекомпаниясы әлемдегі ең ұзақ рейсті жүзеге асырмақ. Ұшақ Нью-Йорктен Гонкогқа дейін 16-17 сағат бойы еш жерге қонбай ұшады.

Әуе компаниясы Украина мен Ресей арасындағы саяси ахуалға байланысты осындай қадамға бел буып отыр. Бұған дейін Cathay Pacific рейстері Нью-Йорктен Гонконгқа Арктика және Ресей аспаны арқылы ұшса, енді Атлант мұхиты, Ұлыбритания, Оңтүстік Еуропа және Орталық Азия арқылы қатынайды.

Екі қала арасындағы арақашықтық 16 мың шақырымнан асады. Әлемдегі ең ұзақ рейс болмақ. Ал ұшуға 550 адамға дейін сыятын Airbus SE A350-1000 әуе кемесі қолданылады.

Н. Үсенова