Америкалықтардың бізге таңсық 10 тұрмыстық әдеті

Америкалықтардың бізге таңсық 10 тұрмыстық әдеті
Фото: www.immigration-residency.com

Әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар. Біз бүгін күнде кинофильмдерден көріп, тұрмысымен әбден таныс болған америкалықтардың өмір салтына тоқталамыз. Нақтырақ айтсақ, өзімізге әдеттен тыс болып көрінетін тұрмыстық ерекшеліктері туралы айтамыз. Жергілікті тұрғындар тіпті қоғамда да, үйде де өздерін бізден өзгеше ұстайды. 

Кондиционердің ең төменгі температурасын таңдау

Мегаполисте жаз мезгілін кондиционерсіз елестету мүмкін емес, бірақ біз өзіміз отырған бөлме тым суып кетпес үшін ыңғайлы ауа температурасын таңдаймыз. АҚШ-та сіз ыстық күннің астынан үйге кірген кезде жағымды салқындықты сезінесіз, бірақ бірнеше минуттан кейін бөлменің тым суық екенін байқайсыз. Көптеген америкалықтар кондиционердің ең төменгі температурасын қосады (және кондиционерді үнемі қосулы қалдырады), оған үйренбеген қонақтардың сыртқа қайта шыққысы келіп тұрады.

Үйден шәйнек таппайсыз

Әр америкалықтың үйінен сіз кофеқайнатқыштардың бірнеше түрін таба аласыз, ал қарапайым шайнекті кездестіруіңіз екіталай. Бұл таңқаларлық болса да, шындық. Бұл тұрмыстық құрал біздердің ас үйіміздегідей газдың үстінде тұрмайды. Кей америкалықтар оны керек болып қалар деген оймен сөренің түбіне тығып қоюы мүмкін.

Үйге мұз генераторын орнату

Әлемдегі кез келген елдің салқындатылған сусындарға деген шексіз сүйіспеншілігі бойынша Америкадан асып түсуі екіталай. Коктейль, сода, су, тіпті кофе болсын, мұнда ісе деген префикспен сатыла береді. Жергілікті халықтың суық сусынға деген махаббаты мұз текшелерін дайындайтын генераторды үйіне су диспасеріндей міндетті құрал ретінде орналастыруға алып келген.

Көліктен түспеу

Біз көршімізге қонаққа баратын болсақ, біраз серуендеп, 10 минут болса да, әңгіме айтып өз аяғымызбен жетуге тырысамыз. Ал америкалықтар болса, таяқ тастам жердің өзіне автокөлікпен барады. Жұмыс пен супермаркетті айтпағанда, маңайдағы кофеханаға да жаяу барып зорыққысы келмейді. Сондықтан Америкада шарап барларынан бастап шағын асханаларға дейін кез келген тамақтану орындарында жеткізіп салу қызметі бар.


www.pajamaprogram.org

Дүкенге пижамамен бару

Жайлылық — америкалықтар үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе. Және бұған айқын дәлел бар. Сауда орталығында немесе кафеде сіз пижамасын ауыстырмастан сыртқа шыққан жұпты оңай кездестіре аласыз. Мұндай әдет АҚШ-та ешкімді таңқалдырмайды. Мұнда киімге деген көзқарас мүмкіндігінше қарапайым. Олар ыңғайлылық пен релаксация бәрінен де маңызды болса, неге киімді ауыстыру керек деп есептейді.

Үйді тумен безендіру

Бұл елде ұлттық рәміздерге деген сүйіспеншілік тек қала ортасындағы даңғылдар және мемлекеттік ғимараттармен шектелмейді. Кейбір америкалықтар үйін сыртынан көрнекті жалаушамен безендіреді. Үй ішінде ұлттық кәдесыйларды көру де үйреншікті әдет. 

Үйге аяқ киіммен кіру

Иә, бұл факт барлығына бұрыннан белгілі. Неліктен көшеге киген аяқ киімін кіреберісте қалдырып, үйде тәпішке кие салмайды екен?

Алуан түрлі кілемшелердің көп болуы

Бұл тармақ оғаш болып көрінуі мүмкін. Біз де кілем төсеуге әуеспіз ғой деп те ойларсыз. Бірақ америкалықтардың үйлерінде шынымен бір-біріне жараса бермейтін кілемдер көп төселіп жатады. Олар ванна бөлмесінде де, қонақ бөлмеде, жатын бөлмеде, дәлізде де кездеседі. Олардың саны мен әртүрлілігі таңқаларлықтай болып көрінеді: сіз кішкентай мамық кілемдерді де, күтпеген реңктердегі тоқыма кілемдерді де таба аласыз.


www.blindadvantage.ca 

Терезеге тек жалюзи тағу

Жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде біз тюль мен перделерге ерекше назар аударамыз: олар тым ашық күннен және бейтаныс көздерден қорғап қана қоймайды, сонымен қатар бөлмені сіз кеткіңіз келмейтіндей жайлы бөлмеге айналдырады. Америкада перделер интерьердің кең таралған бөлігі емес, үйде сіз тек жалюзи көре аласыз.

Жарықтың алуан түрін пайдалану

Америкалық үйлерде төбеге ілінген люстралар сирек кездеседі. Әрине бұл әдеттен тыс болып көрінуі мүмкін. Мұнда көбіне жарық көздері рентінде үстел мен қабырға шамдарын пайдаланады. Тағы бір танымал интерьер бөлшектері — еден торшерлері. Олар жарықтандырудың негізгі көзі ретінде жиі пайдаланылады.

А. Оралқызы