- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Ауадан жасалған тағам...
Ауадан жасалған тағам пайда болды
Финляндиялық Solar Foods компаниясы көміртегі, сутегі, оттегі және азоттан жасалған шницель жасады. Ақуызда дәл осы элементтерден тұрады. Солейн деп аталатын өнім аталған компанияның Эспоо қаласындағы зертханасында жасалды және оны нарыққа 2023 жылдың басында шығару жоспарланып отыр.
Ғалымдар еттің осындай баламасын алуды ашыту процесі негізінде алған. Оны дайындау үшін кішкене биореакторға сутек, көмірқышқыл газы және микроэлементтерден тұратын қоспа құяды. Кейін оны тотықтырғыш бактериялармен араластырады. Нәтижесінде пайда болған өнім кәдімгі бидай ұнына ұқсайды, бірақ құрамында майлар, көмірсулар мен ақуыз бар.
Solar Foods болашақта бүкіл адамзатты осы өніммен қамтамасыз етуге болады деп сендіреді. Осы жоспарларды жүзеге асыру үшін компания мемлекет пен жеке қорлардан шамамен 25 миллион еуро субсидия алды.
Т. Раушанұлы