Орбитада қанша қоқыс бар?

Орбитада қанша қоқыс бар?
Фото: factourism.com

Қазірдің өзінде Жердің айналасында бес мың тоннадан астам ғарыш қоқысы ұшып жүр. Оған қоса жерсеріктердің саны күннен күнге артып келеді. Жерге құлайтын ғарыш қалдықтарының басым бөлігі "қорғаныш" қабаты - атмосферада күлге айналғанымен ірілері діттеген жеріне жетіп жатыр.

Еуропа ғарыш агентінің мәліметінше, Жер орбитасындағы қоқыстың мөлшері 170 миллионнан асады. Оның:

• 29 000 - мөлшері 10 сантиметрден асады;

• 670 000 - мөлшері 1 сантиметрден асады;

• 170 миллион - мөлшері 10 миллиметрден асады;

Халықаралық ғарыш бекеті жылына бірнеше рет орбитадағы қалдықтардан "қашуға" мәжбүр. 2016 жылы құм қиыршығы иллюминаторда жеті миллиметр сызат қалдырған болатын. Ал одан үш жыл бұрын дәл осындай жағдай қайталанып, күн батареясына нұқсан келген еді.

Демек 10 сантиметрді құрайтын қалдық - ғарыш деңгейінде үлкен апат дегенді білдіреді. Өйткені қиыршықтай қоқыс сағатына 30 мың шақырым жылдамдықпен ұшады. Ал орбитаның түкпір-түкпірінде мұндай қалдықтардың мыңға жуығы бар. Арасында қиыршығы да, ірілеуі де кездеседі. Егер ғарышкер борттың сыртында жұмыс істеп жатқан кезінде аппараттан түскен тамшыдай ғана бояу тисе - скафандр лезде тесіліп, ғарышкердің өміріне қауіп төндіреді.

А. Рысдәулет