Дерт кешкендер жағалауы: Венеция әлі су астында

Дерт кешкендер жағалауы: Венеция әлі су астында
Фото: vk.com

Осы апта бойы әлем жұртшылығының назары Венецияда болды. Суда тербелген ертегі қалада болған тасқын деңгейі бәсеңдер емес. Мұндай дәрежеде зардап әкелген апат соңғы рет 1923 жылы болған екен.  

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Венеция территориясының 85%-ы суға батқан. Табиғи апат салдарынан екі адам көз жұмды. Тарихи маңызы жоғары ескі ғимараттарға да зақым келген. Венеция мэрі Луиджи Брунаро қаланы қалпына келтіру үшін жүлдеген миллион еуро қажет болатынын айтты.

Оқиға ортасында жүргендер қаланың қандай хәлде екенін әлеуметтік желі арқылы жеткізіп отыр.

А. Оралқызы